TZS First AUSTRIA FA-2461-6 Instruction Manual page 31

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
АУА РАЙЫ СТАНЦИЯСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
бөлігі A – Дисплей
A1: Ауа райы болжамы
A2: Сыртқы температура
A3: Сыртқы ылғалдылық
бөлігі B – Түймелер мен компоненттер
B1: [SNOOZE/LIGHT] түймесі
B2: [SET] түймесі
B3: [MEM] түймесі
бөлігі C – Сымсыз сыртқы датчик
C1: Батарея бөлімі
ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН ДАЙЫНДАУ
1. Ауа райы станциясының батареясы бөлімінің қақпағын [B6] ашыңыз,
оған AA түріндегі 2 батареяны салыңыз және батарея қақпағын қайта
жауып қойыңыз. Батареялар салынған соң, ауа райы станциясы бір рет
дыбыстық сигнал шығарады, содан кейін сымсыз сыртқы датчикті іздей
бастайды.
2. Сымсыз сыртқы датчик батареясы бөлімінің қақпағын ашыңыз, AAA
түріндегі 2 батареяны батарея слотына салыңыз және батарея қақпағын
қайта жабыңыз. Сымсыз сыртқы датчик содан кейін дереу сигнал тарата
бастайды.
Ескертпе: Егер ауа райы станциясы сыртқы датчиктен сигнал қабылдамай
қалса, дисплейде сыртқы температура мен ылғалдылық үшін "- -" деген
таңба шығады. Мұндай жағдайда жаңа іздеу процесін бастау үшін
[-] түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Сымсыз сымсыз сыртқы датчик
табылғанға дейін іздеу барысында сыртқы RF белгішесі жыпылықтайды.
НҰСҚАУЛАР
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Реттеу режиміне кіру үшін [SET] түймесін 2 секунд басып тұрыңыз. [+]/
[-] түймелерінің көмегімен қадам бойынша дисплейдегі жыпылықтаған
мәндерді реттеп, [SET] түймесін қайта басу арқылы растауыңызға болады.
• Температураның өлшем бірлігі (°C/°F)
• 12 сағаттық/24 сағаттық формат
• Сағат
• Минут
ОЯТҚЫШ САҒАТЫН ОРНАТУ
Оятқышты орнату үшін [SET] түймесін бір рет басып қалсаңыз, оятқыш
уақыты бірнеше секундқа көрсетіледі. Оятқыш уақыты көрсетіліп тұрғанда,
оятқыш уақыты жыпылықтағанға дейін [SET] түймесін 2 секунд басып
тұрыңыз. [+]/[-] түймелерінің көмегімен қадам бойынша дисплейдегі
жыпылықтаған мәндерді реттеп, [SET] түймесін қайта басу арқылы
растауыңызға болады.
• Сағат
• Минут
• Кейінге қалдыру уақыты (1-60 минут немесе ӨШІРУЛІ)
A4: Ішкі температура
A5: Ішкі ылғалдылық
A6: Уақыт
B4: [+] түймесі
B5: [-] түймесі
B6: Батарея бөлімі
60
ОЯТҚЫШТАРДЫ ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ
Оятқыш орнатылған соң, [+] түймесін басып қалу арқылы оны қосуыңызға
немесе өшіруіңізге болады. Қосылып тұрған оятқыш дисплейде қоңырау
белгішесімен көрсетіледі.
ОЯТҚЫШТЫ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ФУНКЦИЯСЫ
Оятқыш шырылдағанда, [SNOOZE/LIGHT] түймесін басып, кейінге қалдыру
режимін іске қосыңыз. Акустикалық оятқыш тоқтайды және алдыңғы
орнатылған уақыттан кейін қайта іске қосылады. Кейінге қалдыру уақыты
ӨШІРУЛІ күйге орнатылса, сол күн үшін оятқыш тоқтайды. Оятқышты дереу
тоқтату үшін құрылғының артындағы басқа түймелердің біреуін басыңыз.
Ескертпе: Егер оятқышты қолмен өшірмесеңіз, ол максимум 2 минут
шырылдап тұрады. Осы уақыттан кейін сол күн үшін оятқыш автоматты
түрде тоқтайды.
ТЕМПЕРАТУРА ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ
Қазіргі ішкі температура [A4] мен ылғалдылық [A5] көрсетіледі, сонымен
қатар ауа райы станциясына сымсыз сыртқы датчик жалғанған жағдайда,
қазіргі сыртқы температура [A2] мен ылғалдылық [A3] көрсетіледі.
Егер температура көрсеткіштері өлшеуге болатын ауқымнан төмен болса,
"LL.L" деген жазу көрсетіледі, егер ол ауқымнан жоғары болса, "HH.H" деген
жазу шығады.
Егер ылғалдылық көрсеткіштері өлшеуге болатын ауқымнан төмен болса,
"19%" деген жазу көрсетіледі, егер ол ауқымнан жоғары болса, "96%" деген
жазу шығады
МАКС./МИН. ТЕМПЕРАТУРА ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ ЖАЗБАЛАРЫ
Сол күнге арналған макс./мин. температура және ылғалдылық жазбаларын
көру үшін [MEM] түймесін басыңыз. [MEM] түймесін қайта-қайта бассаңыз,
MAX, MIN және қазіргі мәндер арасында ауысады.
Температура мен ылғалдылыққа арналған макс./мин жазбалар күн сайын
00:00-де жаңарып отырады. Оларды қолмен қайта орнату үшін [MEM]
түймесін шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.
ҮСІК ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ
Сыртқы температура -1°C (+30°F) және +3°C (+37°F) аралығында болса,
үсік туралы ескерту белгішесі "
" көрсетілген температураның жанында
жыпылықтайды.
АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Ауа райы станциясы ауа райын болжау үшін сыртқы температура мен
ылғалдылық деректерін пайдаланады. Ауа райы станциясының ауа райы
болжамына, сонымен қатар жергілікті ауа райын қызметінің болжамына
назар аударыңыз. Егер сіздің құрылғыңыз көрсеткен деректер мен
жергілікті ауа райы қызметі ұсынған дерек арасында қарама-қайшылық
болса, уәкілетті органның кеңесіне құлақ түруіңіз керек.
61

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents