Bosch 0601890D00 Original Instructions Manual page 210

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
210 | Қазақ
Жинау
Қорғаныш аспапты орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама
Қыспа иінтіректі (8) ашыңыз. Қорғаныш қаптаманы (6)
кодтау жұдырықшасымен (7) шпиндель мойнындағы
кодтау ойығына енгізіңіз, сонда қорғаныш қаптаманың
қамыты электр құралының фланеціне кіруі тиіс, сонан
соң қорғаныш қаптаманы (6) қалаулы позицияға дейін
бұраңыз. Қыспа иінтіректі (8) жауып қойыңыз.
Қорғағыш қаптаманы (6)оператордың жағына
u
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
Қорғаныш қаптама (6) құлпының қысу күшін реттеу
бұрандасын (9) босату немесе тарту арқылы өзгертуге
болады. Қорғаныш қаптаманың (6) тұрақты тұруына көз
жеткізіп, оны жүйелі түрде тексеріңіз.
Нұсқау: қорғаныш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары
(6) тек электр құралына жарайтын жабдықты орнатуды
қамтамасыз етеді.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін
u
әрқашан кесуге арналған қаптаманы
пайдаланыңыз (15).
Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын
u
қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (15) сонымен бірге тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (6) ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш
қаптама
Бағыттауыштары (20) бар қорғағыш қаптама тегістеуге
арналған қорғағыш қаптама (6) ретінде де орнатылады.
Қосымша тұтқа
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен
u
пайдаланыңыз (4).
Қосымша тұтқа зақымдалған болса электр құралын
u
пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаны өзгертпеңіз.
Қосымша тұтқаны (4) редукторлық бастың оң жағында
немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Дірілді басу
Кіріктірілген дірілді басу
функциясы дірілді
азайтады.
Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын
u
пайдаланушы болмаңыз.
1 609 92A 5FE | (09.12.2020)
Қол қорғағышы
Резеңкелі ажарлау тәрелкесімен (23) немесе
u
тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш
тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін
әрқашан қол қорғағышын (21) кийіңіз.
Қол қорғағышын (21) қосымша тұтқа (4) көмегімен
бекітіңіз.
Ажарлауыш құралдарын орнату
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз.
u
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін (18) және барлық орнатылатын
құралдарды тазалаңыз.
Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін
шпиндельді бекіту түймесін (1) басып, шпиндельді
бекітіңіз.
Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель
u
тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр
құралын зақымдауыңыз мүмкін.
Тез қысқыш гайка
Құралдарды пайдаланусыз ажарлау құралын оңай
ауыстыру үшін қысқыш гайканың (13) орнына тез
қысқыш гайканы (14) пайдалануға болады.
Тез қысыш сомынды (14) тек ажаралу немесе кесу
u
шеңберімен пайдалану мүмкін.
Бұзылмаған мінсіз тез қысқыш гайкасын
пайдаланыңыз (14).
Бұрап қоюда жылдам қысу сомынының жазылған
жағы (14) ажарлау дискісіне көрсетпеуіне көз
жеткізіңіз; бағыттама индекстік белгіге (27) көрсетуі
тиіс суретін қараңыз.
(27)
Ажарлау шпинделін (1)
бекіту үшін шпиндельді
бекіту түймесін басыңыз.
Тез қысқыш гайканы
бекемдеу үшін ажарлау
дискісін күш салып сағат
тілінің бағытымен
бұраңыз.
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents