Moulinex Coach Quick Start Manual page 16

Fresh box
Hide thumbs Also See for Coach:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 8
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАРKK
Абайлаңыз! Алғаш рет қолданар алдында, құрылғымен (ас
үй комбайнына) қоса берілген парақшаны және қауіпсіздік
нұсқауларын, сондай-ақ аксессуарлар жиынтығымен бірге
берілген нұсқаулық пен парақшаны мұқият оқып шығыңыз.
Оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Нұсқауларға сәйкес пайдаланбаған жағдайда, өндіруші ешқандай
жауапкершілікті мойнына алмайды. Жылжымалы бөліктерге
ешқашан саусақтарыңызды тигізбеңіз; әрдайым құрылғымен
берілген керек-жарақтарды қолданыңыз немесе оны өшіріп,
электр желісінен ажыратыңыз.
Тамақ өңдегішке немесе блендерге ыстық сұйықтық құйғанда сақ
болыңыз, өйткені ол кенет буға байланысты құрылғыдан шығуы
мүмкін. Тамаққа тиетін беттерді бастапқы және жүйелі тазалау
әрі құрылғыны тазалау және оған техникалық қызмет көрсету
үшін нұсқауларды қараңыз.
Ескерту! Қоспаны құймас бұрын пышақтары бар
араластырғыш таяқшаны алып тастауды ұмытпаңыз.
Рецептілермен пайдалану, жылдамдық реттеу және қауіпсіз
қолдану туралы нұсқаулықты қараңыз. Барынша ұзақ уақыт бойы
пайдалану үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз, ал онда
нұсқаулар көрсетілмесе, келесі нұсқауларды орындаңыз: Шырын
сыққыштар, жидек сыққыштар және ет тартатын жабдықтарын
14 минуттан артық қолдануға болмайды, тамақ комбайнерін,
жұмыртқа және қаймақ көпірткіштерді 60 секундтан артық, ал
көкөністерді үгетін және турайтын жабдықтарды 5 минуттан
артық қолдануға болмайды.
Орынсыз, коммерциялық мақсаттарда немесе нұсқаулардан сай
емес пайдаланылса, кепілдік жарамсыз болады.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ден қойыңыз!
 Құрылғының құрамында қалпына келтіруге немесе
қайта өңдеуге болатын құнды заттар бар.
Оны жергілікті қалдық жинайтын пунктіге апарып
өткізіңіз.
30
*/**
Егер ыдыстың қақпағын салу кезінде немесе цитрустарды сығу
ыдысымен қиындықтар туындаса, араластыру таяқшасының
пластик бөлігін қолыңызбен ақырын бұраңыз (7.1 және 7.2
суреттерін қараңыз).
НЕГІЗГІ РЕЦЕПТІЛЕР
Сорпа
1 л сорпаға арналған азық-түліктер: 150 г сәбіз, 150 г сопақ басты
пияз, 100 г картоп, 50 г пияз, 500 г сорпа. Көкөністерді алдын ала
дайындаңыз (бумен пісірген жөн). Піскеннен кейін, көкөністерді
құрылғының пышақпен жабдықталған ыдысына салыңыз.
Қақпақты жабыңыз да, сорпа қою болуы үшін 4-жылдамдықта
30 секунд араластырыңыз немесе ингредиенттері сорпадағы
азық-түліктер кесек-кесек болсын десеңіз, 8-жылдамдықта 40
секунд араластырыңыз.
Сиыр еті мен сәбіз пюресі
Ингредиенттер: 300 г сәбіз, 100 г картоп, 100 г сиыр еті, 50 г сорпа.
Көкөністер мен етті алдын ала пісіріп алыңыз (бумен пісірген жөн).
Барлық азық-түліктерді құрылғының пышақпен жабдықталған
ыдысына салыңыз. Қақпақты жауып, 8-жылдамдықта 30 секунд
араластырыңыз. Ыдыстың ішіндегін қырып алып, 8-жылдамдықта
20 секунд қайтадан араластырыңыз.
KK
31

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

I-coach touch

Table of Contents