Makita MW001GZ Instruction Manual page 293

Cordless microwave
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
23. Күйіп қалмау үшін тамақтандыру
бөтелкелері мен балалар тамағы
банкаларының ішіндегісін ішер алдында
араластыру немесе шайқау және
температурасын тексеру қажет.
24. Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды
және тұтас пісірілген жұмыртқаларды
микротолқынды пештерде қыздыруға
болмайды, себебі олар микротолқынды
пеште қыздырылып болған соң да
жарылуы мүмкін.
25. Тұтанғыш және жанғыш заттарды
құрылғының жанына қоймаңыз.
26. Құрылғы істеп тұрған кезде,
микротолқынды пеште пісіп жатқан астың
жағдайын әрдайым бақылап отырыңыз. Ас
пісіру уақытын дұрыс орнатыңыз. Ас пісіру
уақытын асырып жіберсеңіз, өрт шығуы мүмкін.
27. Құрамында суы аз жеңіл-желпі тамақты
пісіру барысында, түрлі заттардың
микротолқынды сіңіру қабілеті әртүрлі
болғандықтан, тамақ әркелкі қыздырылып,
бір жері суық, бір жері жылы болуы мүмкін.
Бұл — қалыпты жағдай.
28. Қатты қыздырылса, аз мөлшердегі тамақ
немесе ылғалдылығы аз тамақ құрғап кетуі,
күйіп қалуы немесе жануы мүмкін.
29. Микротолқынды пеште киімді, газеттерді
немесе басқа материалдарды құрғатуға
болмайды, тамақ дайындау үшін газет
немесе қағаз пакеттерді пайдалануға
болмайды.
30. Қағаз немесе пластик пакетті
микротолқынды пешке салмай тұрып,
пакеттегі сымдарды алып тастаңыз.
31. Камераны сақтау мақсатында
пайдаланбаңыз. Пайдаланбаған кезде,
камерада аккумуляторды, қағаз өнімдерін,
ыдыс-аяқты немесе тамақты қалдырмаңыз.
32. Сусындарды микротолқынды пеште
қыздырсаңыз, сусын кешігіп қайнауы және
жан-жаққа шашырауы мүмкін, сондықтан
контейнерді абайлап ұстау керек.
33. Камераны өткір құралдармен (мысалы,
металл қырғыш, қалақ, қасық, т.б.) тазалауға
болмайды.
34. Есіктің тығыздағышын, камераны және
оған жанасатын бөліктерді тазалаңыз.
Толық мәліметті тазалау туралы бөлімнен
қараңыз.
35. Құрылғы таза ұсталмаса, беті нашарлауы
мүмкін. Бұл құрылғының қызмет ету мерзіміне
теріс әсер етіп, қауіпті жағдайға себеп болуы
мүмкін.
36. Құрылғының бетіне ерітіндіні қолданбаңыз,
коррозия пайда болуы мүмкін.
37. Құрылғыны бутазартқышпен тазалауға
болмайды.
38. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан
кезде оны құралдан шығарып алып, қауіпсіз
жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды
кәдеге жаратуға қатысты жергілікті
ережелерді орындаңыз.
39. Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай
сақталатын болса, аккумуляторларды алып
тастау керек.
40. Аккумулятор картриджін тұйықтамаңыз.
41. Зарядтау алдында қайта зарядталатын
аккумуляторларды құрылғыдан алу қажет.
42. Аккумуляторларды дұрыс полярлығымен
салу керек.
43. Тозған аккумуляторларды құрылғыдан
алып, оларды қауіпсіз түрде кәдеге жарату
қажет.
Аккумулятормен жұмыс істейтін
құрылғыға арналған қауіпсіздік
бойынша ескертулер
Аккумулятормен жұмыс істейтін
құрылғыны пайдалану және күтім
көрсету
Кездейсоқ іске қосылуды болдырмаңыз.
1.
Аккумулятор жинағын жалғамас бұрын,
құрылғыны жинамай тұрып немесе
тасымалдамас бұрын, ауыстырып-
қосқышы өшірулі күйде екеніне көз
жеткізіңіз. Құрылғыны саусағыңызды
ауыстырып-қосқышына қойып тасымалдау
немесе ауыстырып-қосқышы қосулы
құрылғыны қуат көзіне қосу жазатайым оқиғаға
әкеп соғуы мүмкін.
2.
Қандай да бір түзетулер жасау, керек-
жарақтарды ауыстыру немесе құрылғыны
сақтау алдында аккумулятор жинағын
құрылғыдан ажыратыңыз. Осындай алдын
алу шаралары құрылғының кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
3.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Жабдықтарды тек көрсетілген аккумулятор
блоктарымен ғана пайдаланыңыз. Кез келген
басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы
мүмкін.
5.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
6.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
293 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mw001g

Table of Contents