Philips HP6522/01 Manual page 73

Hide thumbs Also See for HP6522/01:
Table of Contents

Advertisement

ҚазаҚша
72
6
Құралды түктің өсу бағытына қарсы жылжытыңыз.
Ескертпе Біріктірілген қайшысы бар қыратын фольга теріңізбен
толық байланыста болғанын тексеріңіз.
-
Бикини сызығын суретте көрсетілгендей қырыңыз. Құрылғыны
әртүрлі бағыттарға жылжытыңыз.
-
Қолтық астын суретте көрсетілгендей қырыңыз. Құралды әртүрлі
бағыттарға жылжытыңыз.
7
Қырынып болғаннан кейін, құралды өшіріп, қыратын құрал басын
тазалаңыз («Тазалау және күтім көрсету» бөлімін қараңыз).
Эпиляциядан бұрын қыру басымен және тарақ
қосымшасымен алдын ала түзету
Бикини тұсының түктерін 4 мм ұзындыққа дейін қысқарту үшін, қыру
басы мен тарақ қосымшасын пайдаланыңыз. Сондай-ақ, ұзын (10 мм-ден
ұзын) түктерді алдын ала қысқарту үшін тарақты да қолдануға болады.
Ескертпе Үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін, тарақты құрғақ
жағдайларда қолданыңыз.
1
Қыру басын жалғау үшін, «Қолтықты және бикини тұсын қыру»
бөлімдегі 1-2 қадамдарды орындаңыз.
2
Тарақты қыратын құрал басына орналастырыңыз.
3
«Қолтықты және бикини тұсын қыру» бөліміндегі 3-7 қадамдарды
орындаңыз. Біркелкі нәтижеге қол жеткізу үшін, тарақ теріге
толық тиіп тұруын қамтамасыз етіңіз.
Ескертпе Құралды теріде тым тік етіп ұстамаңыз.
Қызып кетуден қорғау
Бұл функция құралдың қызып кетуіне жол бермейді.
Ескертпе Эпилятордың ысуына жол бермеу үшін құралды денеге
қатты басуға болмайды. Теріге қатты баспай, жұмсақ жүргізілгенде
эпилятор өте жақсы нәтиже береді.
Қызып кетуден қорғау мүмкіндігі қосылған жағдайда, құрал автоматты
түрде өшіп, заряд шамы 30 секунд бойы қызыл болып жыпылықтайды.
Қызып кету қорғауын құралдың салқындауына мүмкіндік беріп, қайта
қосу арқылы қалпына келтіруге болады.
Ескертпе Заряд шамының қызыл түспен қайта жыпылықтауы
құралдың толық суымағанын білдіреді.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hp6522

Table of Contents