Жанап Өту Немесе Сырғыту; Екі Рет Түрту; Масштабтау Үшін Шымшу; Экранды Бұру - LG -V500 User Manual

Hide thumbs Also See for LG-V500:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 414
All manuals and user guides at all-guides.com
Жанап өту немесе сырғыту
Жанап өту немесе сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты
экранда тез жылжытыңыз (осылайша элементті сүйремейсіз). Мысалы,
экранды жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыруға я
болмаса солдан оңға (және керісінше) жанап өту арқылы әр түрлі негізгі
экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту
Веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы,
экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін
сол бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз. Сондай-ақ, сурет түсіргенде
(камераны пайдаланып) және Карталар бағдарламасын пайдаланғанда
үлкейту және кішірейту үшін екі рет түртуге болады. Сөзді белгілеу үшін
оны екі рет түртіңіз. Екі рет түрту сондай-ақ сенсорлық экранды қосатын
немесе өшіретін KnockON функциясын белсендіруі мүмкін.
Масштабтау үшін шымшу
Шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ саусағыңыз бен бас
бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталарды пайдаланғанда
немесе суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру
Көптеген қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары құрылғының
физикалық бағдарына реттеледі.
Экранды қосу
KnockON функциясы экранды оңай қосу не өшіру үшін оны екі рет
түртуге мүмкіндік береді.
32

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents