Жанап Өту Немесе Сырғыту; Екі Рет Түрту; Масштабтау Үшін Шымшу; Экранды Бұру - LG G Pad 7.0 User Manual

Hide thumbs Also See for G Pad 7.0:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 357
Жанап өту немесе сырғыту
Жанап өту немесе сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты
экранда тез жылжытыңыз (осылайша элементті сүйремейсіз). Мысалы,
экранды жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыруға я болмаса
солдан оңға (және керісінше) жанап өту арқылы әр түрлі негізгі экран
кенептерін шолуға болады.
Екі рет түрту
Веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет түртіңіз. Мысалы,
экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін реттеу үшін сол
бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз. Кескінді көргенде және карталарды
пайдаланғанда, үлкейту не кішірейту үшін де екі рет түртуге болады.
Сөзді белгілеу үшін оны екі рет түртіңіз. Екі рет түрту сондай-ақ
сенсорлық экранды қосатын немесе өшіретін KnockON функциясын
белсендіруі мүмкін.
Масштабтау үшін шымшу
Шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ саусағыңыз бен бас
бармағыңызды пайдаланып, шолғышты немесе Карталарды
пайдаланғанда немесе суреттерді шолу кезінде үлкейтіңіз немесе
кішірейтіңіз.
Экранды бұру
Көптеген қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары құрылғының
физикалық бағдарына реттеледі.
Өзіндік бет экраны
Панельдерді көру үшін саусағыңызды солға немесе оңға жүргізіңіз.
Әр тақтаны қосымшалармен, жүктеулермен, виджеттермен және
тұсқағаздармен реттеуге болады.
33

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents