TZS First AUSTRIA FA-5480-1 Instruction Manual page 17

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
КОФЕ ТАРТҚЫШ ЖӘНЕ СҮТ КӨПІРТКІШ
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Кофе тартқышты іске қоспас бұрын
контейнерді орнына толығымен дұрыстап
орнату керек.
• Өндіруші ұсынбаған немесе сатпаған
қондырмаларды пайдалану өртке, электр
тогының соғуына немесе жарақаттануға
апарып соғуы мүмкін.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қозғалмалы
бөліктерінің ешқайсысына тимеңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Өткір жүздерін ұстағанда абай болыңыз.
• Бұл құрылғы ойыншық емес. Балалардың
құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
• Балалар электрлік құрылғылармен жұмыс
істегенде туындауы мүмкін қауіптерді
түсіне алмайды. Сондықтан олар электрлік
құрылғыларды қолданғанда, балаларды
қараусыз қалдырмаңыз. Балалар жақын
жүрсе, айрықша абай болу керек.
• Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе
ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе
тәжірибесі мен білімі төмен адамдарға
(оның ішінде балалар) пайдалануға
болмайды. Егер пайдаланатын болса,
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
адам қадағалап немесе құрылғыны қалай
қолдану керектігі туралы нұсқау беріп тұруы
керек.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ:
Құрылғыны алғаш рет қолданар алдында
құрылғының желіден ажыратылғанына көз
жеткізіп алыңыз. Ыдыстарды, жүздерді және
ішкі қақпақты таза әрі құрғақ шүберекпен
сүртіңіз.
1. Тартуға арналған ыдысқа кофе дәндерін
салыңыз (макс. 60 г).
2. Қақпақты кигізіп, орнына бекітіп салу үшін
сағат тілі бағытымен бұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс істеп тұрғанда ешкім жүзді
немесе қозғалмалы бөліктерді ұстамауы
үшін, құрылғы қақпағы мықтап бекітілген
жағдайда ғана жұмыс істейді. Бұл – қауіпсіздік
мақсатында жасалған.
3. Құрылғыны желілік қуат көзіне қосыңыз.
4. Тарта бастау үшін түймені басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кофе тартқыш қызып кетпес
үшін, оны бір ретте 30 секундтан артық
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны қолданған сайын кемінде 1 минут,
ал 3 циклден кейін 30 минут суытыңыз.
5. Тартуды доғару үшін түймені босатыңыз.
6. Үгілген кофені аударып алмас бұрын,
құрылғыны желіден ажыратыңыз.
КЕҢЕС:
Бұл бұйымның мотор блогының астында
сымды сақтайтын орын бар. Егер қуат сымы
тым ұзын болса, ол қажетінше қысқарғанша
орауыш жиекке айналдыра ораңыз.
32
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
ТАЗАЛАУ
a. Құрылғыны желіден ажыратып, металл
ыдыстың ішін құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
ә. Жүзін жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
б. Қуат сымы мен штепселін тек құрғақ
шүберекпен тазалаңыз. Штепсельді құрғақ
және су тигізбей ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрылғыны суға немесе
басқа сұйықтыққа малмаңыз және ешбір
жағдайда ыдыс жуғышта жумаңыз!
САҚТАУ
Егер құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса,
барлық бөліктерін тазалаңыз және толығымен
құрғаған соң мотор блогына бекітіңіз. Оларды
салқын әрі құрғақ жерде бірге сақтаңыз.
Балалардан аулақ ұстаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
220-240 В • 50-60 Гц • 150 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін
әдіспен жою
Әрқашан қоршаған ортаны ластанудан
қорғаңыз! Жергілікті ережелерді сақтауды
ұмытпаңыз: істен шыққан электр жабдықтарды
қалдықтарды жоятын тиісті орталыққа
жеткізіңіз.
33

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents