LG G5 SE User Manual page 334

Hide thumbs Also See for G5 SE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 456
Саусағыздың ізі өмір бойы өзгермейді және әркімнің өзіне тән
саусақ ізі бар. Сондықтан саусағыңыздың ізін пайдаланушыны
сәйкестендіру үшін құрылғыда пайдалануға болады. Әртүрлі
пайдаланушылардың өте ұқсас саусақ іздері саусақ ізі сенсорымен
бір пайдаланушының саусақ ізі ретінде танылуы мүмкін. Құрылғы
қауіпсіздігін жақсарту үшін, үлгі бойынша экран құлпын, PIN кодын
немесе құпия сөзді орнатыңыз.
Егер саусақ ізіңіз танылмаса немесе резервтік PIN кодын ұмытып
қалсаңыз, құрылғыңызды жақын маңдағы LG компаниясының
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына апарып, саусақ ізін
тіркеңіз және жаңа резервтік PIN кодын жасаңыз.
Саусақ ізін тану мүмкіндігіне қатысты сақтық шаралары
Саусақ ізін тану мүмкіндігінің нақтылығы төмендеуі мүмкін. Тану
нақтылығын арттыру үшін, құрылғыны пайдалану алдында
төмендегілерді тексеріңіз.
Құрылғының қуат/құлып пернесі саусақ ізі сенсорына ие.
Қуат/құлып пернесі тиын немесе кілт сияқты темір затпен
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Қуат/құлып пернесінде немесе саусағыңызда су, шаң не басқа
бөгде заттар болған кезде, саусақ ізін тіркеу немесе тану жұмыс
істемеуі мүмкін. Саусақ ізін анықтамас бұрын, саусағыңызды
тазалап кептіріңіз.
Саусақта тыртық болса немесе су әсерінен беті тегіс болса, онда
саусақ ізін дұрыс танымауы мүмкін.
Саусағызды майыстырсаңыз немесе тек саусақ ізін
пайдалансаңыз, саусақ ізі танылмауы мүмкін. Саусағыңыз қуат/
құлып пернесінің бетін толықтай жауып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Әр тіркеуге тек бір саусағыңызды пайдаланыңыз. Бірнеше
саусақты сканерлеу әрекеті саусақ ізін тіркеу және тану
мүмкіндігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қоршаған орта ауасы құрғақ болса, құрылғы статикалық электр
қуатын өндіруі мүмкін. Қоршаған орта ауасы құрғақ болса, саусақ
іздерін сканерлеуге әрекеттенбеңіз немесе статикалық электр
қуатын жоққа шығару үшін, саусақ іздерін сканерлемес бұрын
тиын немесе кілт сияқты металл затқа тиіңіз.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
29

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

G5Lg-h845H860

Table of Contents