Download Print this page

Philips HD7762 Manual page 74

Hide thumbs Also See for HD7762:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қазақша
74
Ескертпе: Су ыдысына құйылған су мөлшері қайнату керек шыны санына сәйкес екендігін
тексеріңіз. Кофе демдегіште су ыдысындағы барлық су пайдаланылады.
Кофе дәндерін пайдалану
Абайлаңыз! Кофе дәндерін салатын ыдысты кофе дәндерімен толтырған кезде, су
ыдысының қақпағы әрқашан жабық болсын. Әйтпесе, кофе дәндері су ыдысына түсіп кетіп,
су ағатын тесіктерді бітеуі мүмкін.
1 Кофе дәні контейнерінің қақпағын (сурет 12) ашыңыз.
2 Таза дәннің дуэттік контейнерін эспрессо дәндерімен толтырыңыз. Екі контейнерді екі түрлі кофе
дәнімен толтыруға болады. Дуэттік контейнердегі кофе дәндері демдеу (сурет 13) қажет кофе
мөлшері үшін жеткілікті екенін тексеріңіз.
Ескертпе: Таза дән дуэттік дән контейнері кем дегенде жартылай толы болуы керек.
Абайлаңыз! Ұнтақтағыштың бітеліп қалуын болдырмау үшін, қуырылмаған немесе
карамельденген дәндер пайдаланбаңыз. Эспрессо дәндері орнына кофе дәндерін
пайдаланыңыз, себебі эспрессо дәндері ұнтақтағышқа зақым келтіруі мүмкін.
3 Сүзгі себетінің ұстағышын (сурет 14) ашыңыз.
4 Сүзгі себетіне (сурет 15) тұрақты сүзгі немесе қағаз сүзгі (1x4 түрі немесе № 4) салыңыз.
5 Сүзгі себетінің ұстағышын жабыңыз.
6 Қажетті ұнтақтау түрін таңдау үшін түйірлік тұтқасын бұраңыз (ұсақ түйірден ірі түйірге дейін). Тоғыз
ұнтақтау параметрі (сурет 16) бар.
Кеңес: Түйірлік тұтқасы 9 түрлі параметрдің ішінен таңдауға мүмкіндік береді. Белгішелер 3 алдын
ала таңдалған оңтайлы параметрді көрсетеді, бірақ арасынан кез келген параметрді таңдай
аласыз. Өзіңізге ұнайтын параметрді таңдау үшін, әр түрлі үгіту режимдерін қолданып көруді
ұсынамыз.
7 Екі контейнер арасынан таңдау үшін контейнер таңдағышты бұраңыз.
Ескертпе: Әрдайым кофе дәні контейнерлерінің немесе кофе дәндерінің арасында ауысқанда,
әрқашан алдыңғы кофе дәндерінің ұнтақтау түрінен қалған ізі болады. Мұны болдырмау үшін кофе
дәнінің жаңа түріне ауысқан кезде кофе дәні науасын тазалаңыз.
8 Қоюлық түймесін (сурет 10) басыңыз. Кофе дәні белгішелері жыпылықтай бастайды.
9 Қажетті кофе қоюлығын таңдау үшін, басқару тұтқасын бұраңыз: 1 дән жұмсақ кофеге, 2 дән
орташа күшті кофеге немесе 3 дән күшті кофеге арналған.
10 Қоюлығын (сурет 6) растау үшін басқару тұтқасы ортасын басыңыз.
11 Шыны санын таңдау үшін, қажетті шыны саны дисплейде жыпылықтағанша басқару тұтқасын
бұраңыз.
Ескертпе: Кофе демдегіш су ыдысындағы барлық суды пайдаланатынын ескеріңіз. Су мөлшерінен
азырақ шыны санын таңдасаңыз, кофе күткендегіден сұйықтау болады.
12 Шыны (сурет 6) санын растау үшін, басқару тұтқасының ортасын басыңыз.
13 Басқару тұтқасы ортасын қайта басыңыз. Құрылғыдан дыбыс шығып, қажетті кофе дәндерінің
мөлшерін ұнтақтауды бастайды. Заттар ұнтақталып болғанда, құрылғы кофені дәмдеуді бастайды
14 Құмыраны шығармай тұрып, кофе демдегіш дыбысы тоқтауын күтіңіз.
Ескертпе: Демдеп болғаннан кейін кофе сүзгі себетінен бірнеше секунд тамшылап тұрады.
15 Құрылғы автоматты өшкенге дейін кофені ыстық күйінде сақтайды. Егер кофені ыстық күйінде
сақтау керек болса, құрылғыны өшіру үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Hd7762/00