Philips HP6575 User Manual page 51

Hide thumbs Also See for HP6575:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
-
Жоғары дәлдікті эпиляторды тізе мен сирақ сияқты қол жетпейтін
жерлерде де пайдалануға болады.
-
Гигиенаны сақтау мақсатында, эпиляторды, жоғары дәлдікті эпиляторды
және Smart Tweezers қысқыштарын тек бір адам пайдалануы керек.
-
Зақым мен жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін, жұмыс 
істеп тұрған құралдарды (қосымшасы орнатылған немесе
орнатылмаған) бастың шашынан, қастардан, кірпіктерден, киімдерден,
жіптерден, сымдардан, щеткалардан, т.б. заттардан аулақ ұстаңыз.
-
Эпиляторды, жоғары дәлдікті эпиляторды және Smart Tweezers
қысқыштарын тітіркенген, варикозы, майда бөртіктері, безеуі,
қалдары (түкті қалдар) немесе жаралары бар теріге қолданар
алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Иммунитеті төмен немесе қант
диабетімен, гемофилия ауыруымен немесе иммунодефицитпен
ауыратын адамдардың да алдымен дәрігерлерімен кеңескені дұрыс.
-
Эпиляторды немесе жоғары дәлдікті эпиляторды алғашқы бірнеше
рет қолданғанда тері кішкене қызаруы немесе тітіркенуі мүмкін. Бұл
— қалыпты жағдай және тез арада жоқ болады. Құралды көбірек
қолданған сайын теріңіз эпиляцияға үйрене бастайды, тері тітіркенуі
азайып, қайта өскен түктер жұқа және жұмсақ болады. Егер үш күн
ішінде терінің тітіркенуі басылмаса, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
-
Ылғалды эпиляция жасағанда, ваннаға немесе душқа арналған
майларды пайдаланбаңыз, тері қатты тітіркенуі мүмкін.
-
Эпиляторды, жоғары дәлдікті эпиляторды және Smart Tweezers
қысқыштарын душ температурасынан жоғары болатын сумен
(ең көбі 40 °C) тазаламаңыз.
-
Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, абразивті тазалау
құралдарын, жанармай немесе ацетон сияқты сұйықтықтарды
қолданбаңыз.
-
Эпиляторды тек температурасы 10 °C және 30 °C аралығында
болатын жерде зарядтаңыз, пайдаланыңыз және сақтаңыз.
-
Көзге зақым келтірмеу үшін, эпилятордың Opti-light жарығына
тура қарамаңыз.
-
Эпилятордың басын эпилятор ұштарының біреуін орнатпай
қолданбаңыз.
-
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз да, әр 3- 4 айда эпиляторды толық
зарядтаңыз.
ҚАЗАҚША
51

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents