Download Print this page

Қазақша - Philips GC4908/80 User Manual

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 4
ҚАЗАҚША
14
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жаңа Philips PerfectCare Azur бу үтігі киімді үтіктеудің инновациялық
жолын ұсынады. Кәдімгі үтіктермен болатын машақатты барлығымыз
білеміз: қатты және жұмсақ мата үшін дұрыс температураны таңдау,
үтіктің қызуын күту және киімді қатты қызған үтікпен зақымдап алмау
үшін салқындату. Жаңа Philips PerfectCare Azur бу үтігімен бұл әбігерлік
өткеннің еншісінде қалады.
Бұрынғы уақытта қыртыстарды кетіру өте ыстық табанмен жасалатын,
содан кейін қызуды тасымалдауды жақсарту және жылдам үтіктеу
үшін бу қосылған. Біздің зерттеу қыртыстарды тиімді
кетірудің ең жақсы жолы — қарқынды бу мен оңтайлы
табан температурасының тамаша тіркесімі екенін
анықтады. Қыртыстарды тиімді кетірудің кілті — табан
температурасы емес, бу. Оңтайлы буды алу үшін табан
температурасы бу температурасынан аз ғана жоғары
болуы керек.
Бұрында осы оңтайлы температурада будың көп мөлшері судың ағуына
әкелетін. Біз бірегей камераны жасадық. Ол судың ағу қаупінсіз тез
үтіктеу үшін матаға терең енетін үйлесімді ылғалды буды береді.
Енді үтіктеу оңай: температураны реттеу керек емес, күйдіріп
-
аламын деп қорықпайсыз, қызуды немесе салқындауды күтудің керегі
жоқ. Кім үтіктесе де, үтіктеу азырақ уақыт алады. Осы OptimalTEMP
технологиясының көмегімен кез келген киімді тиімді және қауіпсіз
үтіктеуге болады.
Woolmark Company Pty Ltd компаниясы бұл үтікті тек жүннен
жасалған өнімдерді үтіктеуге қолдануды мақұлдаған. Киімді тек
киім этикеткасындағы және осы R1302 үтігінің өндірушісі шығарған
нұсқауларға сай үтіктеу керек. Біріккен Корольдікте, Эйреде, Гонконгта
және Үндістанда Woolmark сауда белгісі куәліктендірілген сауда белгісі
болып табылады.
Жалпы сипаттама (Cурет 2)
1
Су багінің қақпағы
2
Су шашу түймесі
3
Бу сырғытпасы
4
Буды күшейту түймесі
5
Қуат сымы
6
Ток сымын орау аумағы
7
Қақ тазалау түймесі
8
SmartLight/Қақ тазалау керектігін ескерту шамы
9
Үтіктің табаны
10 Су шашатын түтік

Hide quick links:

Advertisement

loading