Makita DSC163 Instruction Manual page 80

Cordless steel rod cutter
Hide thumbs Also See for DSC163:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жеке қауіпсіздік
1. Электрлік құралды пайдаланған кезде, жасап
жатқан жұмысыңызға қырағылық танытып,
мұқият болыңыз. Шаршағанда немесе есірткі,
алкоголь немесе дəрі-дəрмектің əсерінде
болған кезде электрлік құралды
пайдаланбаңыз. Электрлік құралды пайдалану
кезінде сəл ғана аңсыздық таныту ауыр жарақатқа
əкелуі мүмкін.
2. Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын
қорғаныс аяқ киімі, каска немесе құлаққап сияқты
қорғаныс жабдықтарын тиісті жағдайларда қолдану
жарақаттануды азайтады.
3. Кездейсоқ іске қосудың алдын алыңыз.
Құралды қуат көзіне жəне/немесе аккумулятор
блогына қоспас бұрын, оны жинап немесе
тасымалдамас бұрын, ауыстырып-қосқыш
өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз. Саусақ
электрлік құралдың ауыстырып-қосқышында
тұрған кезде оны тасымалдау немесе ауыстырып-
қосқышы қосулы электрлік құралды қуат көзіне қосу
жазатайым оқиғаға əкеп соғуы мүмкін.
4. Электрлік құралды қоспас бұрын, реттегіш
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып
тастаңыз. Электрлік құралдың айналмалы
бөлігінде реттегіш немесе сомынды бұрайтын кілт
бекітулі қалса, жарақаттауы мүмкін.
5. Тым артық күш салмаңыз. Əрдайым тұрақты
жəне тепе-теңдік сақтайтын күйде болыңыз.
Бұл күтпеген жағдайда электрлік құралды жақсы
басқаруға мүмкіндік береді.
6. Жұмысқа сай киініңіз. Бос киім кимеңіз жəне
əшекей тақпаңыз. Шашыңызды жəне киіміңізді
қозғалмалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Бос
киім, əшекейлер немесе ұзын шаш қозғалмалы
бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
7. Шаң тұту жəне жинау құрылғылары
қамтамасыз етілген болса, олардың қосулы
екендігіне жəне дұрыс қолданылып жатқанына
көз жеткізіңіз. Шаң жинау құрылғысын пайдалану
шаңмен байланысты қауіпті азайтуы мүмкін.
8. Құралды жиі пайдалану нəтижесінде босаңсып,
қауіпсіздік қағидаларын елеусіз қалдырмаңыз.
Салғырттық таныту бір мезетте ауыр жарақатқа
əкеп соқтыруы мүмкін.
80
9. Электрлік құралды пайдаланған кезде көзіңізді
жарақаттап алмау үшін міндетті түрде қорғаныс
көзілдірігін тағыңыз. Қорғаныс көзілдіріктері
АҚШ-та ANSI Z87.1, Еуропада EN 166 немесе
Австралияда/Жаңа Зеландияда AS/NZS 1336
қауіпсіздік стандарттарына сəйкес келуі керек.
Австралияда/Жаңа Зеландияда бетіңізді қорғау
үшін қорғаныс маскасын кию заң негізінде
талап етіледі.
Құрал пайдаланушылары мен жұмыс
аймағындағы басқа да тұлғалардың тиісті
қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс берушінің
жауапкершілігінде.
Электрлік құралды пайдалану жəне күтім жасау
1. Электрлік құралға артық күш түсірмеңіз.
Орындалатын жұмысқа сəйкес келетін
электрлік құралды пайдаланыңыз. Дұрыс
таңдалған электрлік құрал өзіне жүктелген
жұмысты жақсы жəне қауіпсіз істейді.
2. Ауыстырып-қосқышы ақаулы электрлік
құралды пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқышы
ақаулы кез келген электр құрал қауіп төндіреді,
сондықтан оны жөндеу керек.
3. Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-
жарақтарды ауыстырмас бұрын немесе
электрлік құралдарды ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз жəне/
немесе аккумулятор блогы бар болса, оны
шығарып алыңыз. Осындай алдын алу
шаралары электрлік құралдың кездейсоқ іске
қосылу қаупін азайтады.
4. Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
жəне осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз. Арнайы
жаттығудан өтпеген пайдаланушылар үшін
электрлік құрал қауіп төндіреді.
5. Электр құралдарына жəне керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы жəне оралуы,
зақымдалған бөлшектер жəне электрлік
құралдың жұмысына кері əсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы
болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі
электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет
көрсетілмеу себебінен болады.

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Dsc163zk

Table of Contents