Philips HR1810/70 Manual page 20

Philips daily collection juicer hr1810/70 220 w 0.75 l regular tube
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚазаҚша
20
3
Алдын ала турап қойған бөліктерді қоректендіретін түтікшеге салып, итергіштің
көмегімен айналып жатқан фильтірге қарай жәймен ғана итеріңіз (Cурет 11).
Итергішке қатты салмақ түсірмеңіз, себебі ол соңғы нәтижеге әсерін тигізіп, фильтірді
тоқтатып тастауы да мүмкін.
Қоректендіргіш түтікке ешқашан саусақтарыңызды, немесе басқа заттарды салмаңыз.
Барлық ингредиенттерді өңдеп болғаннан соң, және шырын ағыны шыны ыдысқа, немесе
шыны аяққа құйылуын тоқтатқанда, құралды сөндіріп, тор айналуын тоқтатқанша күтіңіз.
Құралды тоқтаусыз екі минуттан артық жұмыс жасатпаңыз. Егер сіз шырын жасауды әлі
бітірмеген болсаңыз, оны қайта қосар алдында екі минуттай суытып алыңыз.
кеңестер
-
Жаңа піскен жеміс жидектерді немесе көкөністерді қолданған дұрыс, себебі оларда
шырын көп болады.Шырын сыққышқа ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр,
сәбіз, шпинат, қауын, қызанақ, және жүзім сияқты жеміс жидектер өте қолайлы.
-
Жұқа қабықтар мен терілерді алудын қажеті жоқ. Тек қана қалың қабықтар, мысалы
апельсин, ананас, пісірілмеген қызылша қабықтарын тазалау керек. Сонымен бірге цитрусты
жидекердің ақ қабығын да алып тастаңыз, себебі олардың аштылау дәмі бар.
-
Егер сіз сүегі бар жемістердің шырынын сыққыңыз келсе, шырынды сығар алдында
сүйектерді алып тастаңыз.
-
Алма шырынын дайындағанда есіңізде болсын, алма шырынының қоюлығы сіздің қолданып
жатқан алмаңыздың түріне байланысты болады. Алмаңыз шырынды болса, шырыныңыз
қоюырақ болады. Өзіңізге ұнайтын шырын шығаратын алма түрін таңдаңыз.
-
Алма шырыны дем арада қоңыр болып кетеді. Егер сіз лимон шырынының бірнеше
тамшысын оған қоссаңыз, алма шырыны тез қоңырланбайды.
-
Крахмалы бар жеміс жидеткерді, мысалы: банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго
сияқты бұл шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін тамақ жасайтын құралды,
немесе миксерлерді қолданғаныңыз дұрыс.
-
Бұл шырын сыққыштан жапырақтарды немесе жапырақ бұтақтарын өткізуге болады.
-
Шырыныңызды сығып болған күйде ішіп қойыңыз. Шырын таза ауада біраз уақыт тұрып
қалса, ол өзінің дәмін және қоректену байлығын жоғалтады.
имбирь рецепті
1
60 гр. имбирьді сығыңыз. Сізге итергішке қаттырақ итеру күшін салу керек (2 кг-ға
дейінгі қысу күшімен).
Кеңес: Егер сіз имбирь шырынын үйде жасалған шырындарға дәм беру үшін жиірек қолданбақшы
болсаңыз, сіз оны алдын ала жасап алуыңызға болады. Сіз имбирь шырынын мөрленген ыдысқа
құйып, тоңазытқышта бір аптаға шейін сақтап қоюыңызға болады.
Тазалау
Егер сіз құралды қолданғаннан соң бірден оны тазаласаңыз, ол жеңіл тазаланады.
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды, немесе жанар май, немесе ацетон тәріздес
агрессивті сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.
Мотор бөлігінен басқа бөлшектерінің бәрін ыдыс жуғышта жууға болады.
1
Міндетті түрде аспапты өшіріңіз және оны қосымша бөлшектерін ауыстырар алдында
немесе қолдану кезінде аспаптың жылжығыш бөлшектеріне жақындар алдында
қоректену көзінен ажыратыңыз.
2
Мотордағы кірленген бөлшектерді алып тастаңыз.
3
Мотор бөлігінен басқа бөлшектердің бәрін жылы суда кішкене тазалау сұйықтығын
қосып жуыңыз және ағын су астында шәйіңіз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hr1810/71Hr1810/72Hr1810

Table of Contents