Hilti NURON NPR 24-22 Manual page 302

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
5
Жұмысқа дайындық
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
▶ Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.1
Аккумуляторды зарядтау
1. Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2. Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3. Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз. → Бет 295
5.2
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде
заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.3
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2. Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
5.4
Қыспақты енгізу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Алмалы-салмалы аспап ыстық және/немесе өткір болуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
▶ Ыстық алмалы-салмалы аспапты тұтанғыш беттерге ешқашан қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
▶ Қыспақтарды орнату/ауыстыру/шығару алдында аккумуляторды шығарып алыңыз.
Өнімді еш жағдайда қыспақсыз қолданбаңыз!
1. Жарамды қыспақты таңдаңыз.
2. Құрал бастиегін, құлыптау болты жақсы қолжетімді болатындай етіп бұраңыз.
3. Құлыптау болтын басыңыз.
4. Құлыптау болтын сағат тілінің бағытына қарсы шегіне дейін бұраңыз.
▶ Құлыптау болты сыртқа шығып кетеді.
5. Қыспақты енгізіңіз.
6. Құлыптау болтын шегіне дейін енгізіңіз.
Құлыптау болты қыспақтың басқа жағында кішкене шығып тұрғанда дұрыс тірелген деп
есептеледі.
298
Қазақ
2
2321730
*2321730*

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents