Hilti NURON NPR 24-22 Manual page 297

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶ Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Баспақтау құрылғысына арналған қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Баспақтау құралдарын пайдалану және кернеу өткізгіш бөлшектер мен сымдардың жанында кез
келген жұмыстар өткізу бойынша елге тән қолданыстағы стандарттар мен қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын орындаңыз.
▶ Ток өткізгіш сымдардың жанында жұмыс істейтін персонал жүйелі түрде оқыту курстарынан өтуі
тиіс.
▶ Баспақтау құралын тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды.
▶ Майдың ағып жатқанын байқасаңыз, құралды ары қарай пайдаланбаңыз және Hilti қызмет көрсету
орталығына жолығыңыз. Ағып кеткен майды бірден кетіріңіз.
▶ Құлыптау болтының толықтай кіргізілгеніне және берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Баспақтау әрекетінің барысында міндетті түрде баспақтау бастиегі мен қолыңыз/саусағыңыздың
арасында жеткілікті аралықтың бар болғанына көз жеткізіңіз.
▶ Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.
▶ Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
▶ Баспақтау құралын әрқашан екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстап тұрыңыз.
▶ Аталмыш құралға белдікке ілуге арналған ілгекті монтаждамаңыз.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Өнімнің жарығына (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне
тікелей бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
▶ Құлаудан қорғанысты және ұстағыш арқанды таза әрі құрғақ күйде ұстаңыз.
▶ Жүйе жабдықтаушысы осы баспақтау құралы мен арнайы тексерістен өткен фитингілерді
пайдалануға айқын рұқсат бермеген болса, ешқашан баспақтау әрекеттерін газ желілерінде
орындамаңыз.
*2321730*
2321730
Қазақ
293

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents