Hilti NURON NPR 24-22 Manual page 299

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 18
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш
материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз.
Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның
ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік және
Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданылатын
арнайы директиваларды ескеріңіз. → Бет 301
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға
болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша
нұсқауларды оқып шығыңыз.
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
1
3.2
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім аккумуляторлық, электргидравликалық баспақтау құрылғысы болып табылады.
Ол композиттік, болат және мыс құбырларды (Cu) байланыстыру мақсатында фитингілерді баспақтауға
арналған.
Бұл өнім үшін тек B 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы
бұл өнім үшін оңтайлы қуатқа қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың
соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.
Бұл аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген
серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.
3.3
Ықтимал қате қолдану
Қолмен басқарылатын баспақтау құрылғысын бекітуге және стационарлық түрде пайдалануға
болмайды.
Электргидравликалық баспақтау құрылғысын қатты жаңбыр кезінде немесе су астында пайдалануға
болмайды.
3.4
Жеткізілім жинағы
Баспақтау құрылғысы, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-
сайттан табуға болады: www.hilti.group
3.5
Li­Ion аккумуляторының индикаторлары
Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын
және күйін көрсете алады.
*2321730*
@
;
=
%
&
(
)
+
§
/
:
2321730
Қыспақ
Құрал бастиегі
Қайтарғыш ажыратқыш
Техникалық қызмет көрсету және ақау
индикаторы
Керек-жарақтарға арналған монтаждық
саңылау
Жұмыс орнындағы жарықтандыру
Негізгі сөндіргіш
Бекітетін болт
Қыспақ бекіткіші
Аккумулятордың күй индикаторы
Аккумуляторды босату түймесі
Аккумулятор
Қазақ
295

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents