LG -M700AN User Manual page 485

Hide thumbs Also See for LG-M700AN:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 660
All manuals and user guides at all-guides.com
Сенсорлық экран баяу немесе қате жауап қайтарады
Сенсорлық экранды қорғаныс жабынымен немесе қосымша керек-
жарақтармен қаптасаңыз, сенсорлық экран дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Сенсорлық экранды ұстаған кезде, қолдарыңызда қолғап болса,
қолдарыңыз таза болмаса немесе экранды өткір заттармен немесе
саусақ ұшымен түртсеңіз, сенсорлық экран жұмыс істемеуі мүмкін.
Сенсорлық экран ылғалды жағдайларда немесе су тигенде істен шығуы
мүмкін.
Бағдарламалық жасақтаманың қандай да бір уақытша қателерін жою
үшін құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Сенсорлық экран сырылған немесе зақымдалған болса, LG Electronics
компаниясының қызмет көрсету орталығына барыңыз.
Құрылғы баяу жұмыс істейді немесе қатып қалады
Құрылғыны қайта іске қосу
Егер құрылғы қатып қалса немесе баяу жұмыс істесе, қолданбаларды
жабыңыз немесе құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.
Қайта іске қосуды орындау
Экран қатып қалса немесе түймелер, сенсорлық экран немесе
құрылғы жұмыс істемей қалса, құрылғыны қалпына келтіру үшін
жүйені ішінара қайта орнату керек болуы мүмкін.
Құрылғының жүйесін ішінара қайта орнату үшін, құрылғы өшіп, қайта
қосылғанға дейін "Дыбыс деңгейін азайту" және "Қуат" пернелерін
басып тұрыңыз.
Құрылғыны қалпына келтіру
Егер жоғарыда көрсетілген әдістер мәселені шешпесе, зауыттық
деректерді қалпына келтіріңіз.
Параметрлер экранында Жалпы > Сақтық көшірме және қалпына
келтіру > Зауыттық деректерді қалпына келтіру тармағын түртіңіз.
* Бұл әдіс құрылғының барлық параметрлерін қалпына келтіреді
және деректерді жояды.
Зауыттық деректерді қалпына келтіру процесін бастамас бұрын,
құрылғыңыздағы керекті маңызды деректердің барлығының сақтық
көшірмесін жасаңыз.
* Құрылғыда Google есептік жазбасын тіркеген болсаңыз, құрылғы
деректерін қалпына келтіргеннен кейін дәл сол Google есептік
жазбасына кіруіңіз керек.
Қосымша
129

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents