Bosch Professional GSS 140-1 A Original Instructions Manual page 105

Orbital sander
Hide thumbs Also See for Professional GSS 140-1 A:
Table of Contents

Advertisement

Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тіреуіш плитаны орнату (GSS 160-1 A Multi) (A
суретін қараңыз)
4 (8) бұрандаларын толығымен бұрап шығарыңыз.
Сәйкес тіреуіш плитаны орнатып, бұрандаларды қайта
тартып қойыңыз.
Тегістеу тақтасын алмастыру (A суретін
қараңыз)
Тегістеу дискін (6) керек болғанда алмастыру мүмкін.
4 бұранданы (8) толық шығарып тегістеу пластинасын (6)
алып қойыңыз. Жаңа тегістеу пластинасын (6) орнатып
бұрандаларды қайта тартып қойыңыз.
Тегістеу дискін алмастыру
Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тілігін (6) лас
пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу
дискіндегі ойықтардың тегістеу пластинасының
ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Тегістеу дискілері жабысумен (B суретін қараңыз)
Тегістеу пластинасы (6) жабысқақ матамен жабдықталған
болып тегістеу дискін жылдам және оңай бекітеді.
Берік ұстауды қамтамасыз ету үшін жапсырма матасын
тегістеу пластинасында (6) тегістеу дискін (9) орнатудан
алдын қағып шығыңыз.
Тегістеу дискін (9) тегістеу пластинасының (6) бір шетіне
қойып сосын тегістеу дискін тегістеу пластинасына
орнатып қатты басыңыз.
Тегістеу дискін (9) шешу үшін оны ұшынан ұстап тегістеу
пластинасынан (6) шығарыңыз.
Тегістеу дискілері жабысусыз (C – E суреттерін
қараңыз)
❶ Екі  қысқыш қапсырманы (11) ысырмадан шығарып,
төменге қайырыңыз.
❷ Тегістеу дискісін (9) арқа қысқыш планка (10) астына
апарыңыз. Тегістеу дискісі (9) тым қысқа болмауына,
дұрыс қысылып бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш
қапсырманы (11) артқа бастапқы күйге қайырып, сол
жерде құлыптаңыз.
❸ Тегістеу қағазын тегістеу дискісіне (6) тығыздап
салыңыз. Тегістеу дискісінің алдыңғы бөлігін алғы
қысқыш планка (12) астында қысыңыз. Тегістеу
дискісі (9) тым қысқа болмауына, дұрыс қысылып
бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қысқыш қапсырманы
(11) артқа бастапқы күйге қайырып, сол жерде
құлыптаңыз.
Тесілмеген тегістеу дискілерін, мысалы, белдік немесе
метрлік сатуда, шаңсору үшін тесу аспабымен (13) тесуге
болады. Ол үшін тегістеу дискі орнатылған электр
құралын тесу аспабына басыңыз (F суретін қараңыз).
Bosch Power Tools
Тегістеу дискісін (9) алып қою үшін екі қысқыш
қапсырманы (11) босатып, тегістеу дискісін ұстағыштан
шығарыңыз.
Тегістеу дискін таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
Барлық ағаштық заттектерді өңдеу үшін
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала тегістеу үшін
Жалпақ тегістеу және аздаған кедір -
бүдірді тегістеу үшін
Қатты ағаштарды соңғы және нәзік
тегістеу үшін
Бояу/лак қабаттарын немесе толтырғыш
пен сылақ сияқты төсемелерді өңдеу үшін
Бояуды тегістеу үшін
Төсеме бояуды тегістеу үшін
Лактың төсеме бояуын тегістеу
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен (G–J суреттерін
қараңыз)
Шаң қорабын (2) үрлегіш штуцерге (14) жылжытыңыз.
Шаң қорабының жайы (2) мөлдір контейнер арқылы оңай
бақыланады.
Шаң қорабын (2) босату үшін жай бұрап артқа тартыңыз.
Сүзгі элементін (15) шаң қорабынан (2) бұрап алыңыз.
Шаң қорабын босатыңыз.
Қазақ | 105
Түйіршіктілік
40 – 240
дөрекі 40, 60
орташа 80, 120
майда 180, 240
40 – 240
дөрекі 40, 60
орташа 80, 120
майда 180, 240
1 609 92A 4AD | (03.11.2020)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gss 160-1 aProfessional gss 160-1 a multi06012a2300

Table of Contents