Beko WITV 8712 XWG User Manual page 69

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

4.3.5 Негізгі бағдарламалар
Материал түріне қарай төмендегі негізгі бағдарламаларды пайдаланыңыз.
• Хлопок (Мақта)
Бұл бағдарламада созылмалы мақта киімдерді (төсек-орын, сүлгілер, халаттар, іш киімдер)
жууға болады. Жылдам жуу функциясының түймесі басылған кезде бағдарлама ұзақтығы
айтарлықтай қысқа болады, бірақ қарқынды жуу қозғалыстарымен тиімді жуу өнімділігі
қамтамасыз етіледі. Жылдам жуу функциясы таңдалмаса, ауыр ластанған киім үшін жоғары
жуу және шаю өнімділігі қамтамасыз етіледі.
• Синтетика
Бұл бағдарламада киімді (мысалы, көйлектер, блузкалар, синтетика/мақта маталары, т.б.)
жууға болады. Бағдарлама ұзақтығы айтарлықтай қысқа болады әрі жоғары өнімділікпен жуу
қамтамасыз етіледі. Жылдам жуу функциясы таңдалмаса, ауыр ластанған киім үшін жоғары
жуу және шаю өнімділігі қамтамасыз етіледі.
• Шерсть / Ручная стирка (Жүн / қолмен жуу)
Жүннен тігілген/нәзік киімді жуу үшін пайдаланыңыз. Киімдер жапсырмасындағы көрсеткішке
сай температураны таңдаңыз. Киімдерге зақым келтірмес үшін, оларды өте баяу жуу
әрекетімен жуу керек.
4.3.6 Қосымша бағдарламалар
Арнайы жағдайлар үшін машинада қосымша бағдарламалар қолжетімді.
C
Қосымша бағдарламалар машинаның үлгісіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
• Хлопок Эко (Мақта Эко)
Қалыпты кірлеген, тұрақты мақта және кенеп жуылатын бұйымдарыңызды жуу үшін
пайдаланыңыз. Ол басқа барлық бағдарламалардан көбірек жуғанымен, ол қуат пен суды
үнемдейді. Нақты су температурасы мәлімделген жуу температурасынан басқаша болуы
мүмкін. Машинаға азырақ кір жүктегенде (мысалы, ½ сыйымдылығы немесе азырақ),
бағдарлама кезеңдеріндегі мерзімдер автоматты түрде қысқаруы мүмкін. Бұл жағдайда қуат
пен суды тұтыну үнемдірек жуу үшін азайтылады.
• Анти-аллергия (Hygiene Mate)
Бұл бағдарламаны жоғары температурада аллергияға қарсы және гигиеналық қарқынды жууды
және ұзақ уақыт жуу циклін талап ететін жуылатын киімдер үшін пайдаланыңыз. Жылыту
ұзақтығы мен қосымша шаю қадамы арқасында гигиенаның жоғары деңгейіне қол жеткізіледі.
• Бағдарлама «VDE» мекемесі тарапынан таңдалған 20°C температура опциясымен
сыналды және бактерия мен зеңді тиімді жоятындығы сертификатталған.
• Бағдарлама «Британдық аллергия қоры» (Allergy UK) мекемесі тарапынан таңдалған
60°C температура опциясымен сыналды және бактерия мен зеңге қоса аллергендерді тиімді
жоятындығы сертификатталған.
Allergy UK — British Allergy Association бренді. Аллергендерді шектейтін/
азайтатын/жоятын немесе аллергиясы бар емделушілер бар ортада аллерген
құрамын айтарлықтай азайтатын өнім туралы ұсынысты талап ететін адамдар
үшін нұсқау беретін «Растау мөрі» жасалған. Ол сенімді нәтижелер беру үшін
өнімдердің ғылыми түрде сыналғанын немесе тексерілгенін растайды.
• Деликатные ткани (Нәзік киімдер)
Бұл бағдарламада мақтадан/синтетикалық қоспадан тігілген трикотаж сияқты нәзік киімдерді
жууға болады. Ол нәзігірек жуу әрекетімен жуылады. Түсін сақтау керек киімдерді 20 градуста
немесе суық жуу опциясын таңдау арқылы жуыңыз.
• Экспресс / Мини 14 мин. (Жедел/жылдам+ өту 14)
Бұл бағдарламаны аздап кірлеген немесе дақталмаған мақталы киімдерді қысқа уақыт ішінде
жуу үшін пайдаланыңыз. Жылдам жуу функциясы таңдалса, бағдарлама ұзақтығын 14 минутқа
дейін қысқарта аласыз. Жылдам жуу функциясы таңдалса, ең көп 2 (екі) кг киімді жуу қажет.
Кір жуғыш машина / Пайдаланушы нұсқаулығы
69 / KK

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents