Makita GA4030 Instruction Manual page 26

Hide thumbs Also See for GA4030:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

21. Құралды нақты өңдеу бөлшегіне қолданбас
бұрын, біраз уақыт іске қосылуына
мүмкіндік беріңіз. Дөңгелектің бос
орнатылған немесе дұрыс теңестірілмегенін
білдіретін дірілін немесе шайқалуын
қадағалаңыз.
22. Ажарлау үшін арнайы дөңгелек бетін
пайдаланыңыз.
23. Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
24. Өңдеу бөлшегін пайдаланғаннан кейін
бірден ұстауға болмайды. Ол өте ыстық
болып, теріні күйдіруі мүмкін.
25. Дөңгелектерді дұрыс орнату және
пайдалану үшін өндіруші нұсқауларын
орындаңыз. Дөңгелектерді абайлап ұстаңыз
және сақтаңыз.
26. Ірі ысқыш дөңгелектерді бейімдеу үшін
бөлек өтпелі төлкелер не адаптерлерді
пайдаланбаңыз.
27. Осы құралға арналған фланецтерді ғана
пайдаланыңыз.
28. Ойылған саңылаулы дөңгелекпен
жабдықталған құралдар бойынша,
шпиндель ұзындығы сәйкес келуі үшін
дөңгелектегі ойықтың ұзындығы жеткілікті
екеніне көз жеткізіңіз.
29. Өңдеу бөлшегінің дұрыс бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
30. Құралды өшіргеннен кейін, дөңгелектің әрі
қарай айналатынына назар аударыңыз.
31. Егер жұмыс орны өте ыстық және
ылғалды болса немесе ток өткізгіш шаңмен
тым қатты ластанған болса, оператор
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқа
тұйықталуды ажыратқышты (30 мА)
пайдаланыңыз.
32. Құралды құрамында асбест бар
материалдарға қолданбаңыз.
33. Кескіш дөңгелекті пайдаланған кезде,
әрқашан жергілікті заңнамаға сәйкес шаңды
жоюға арналған келте құбырлы қорғағыш
қаптаманы қолдана отырып, жұмыс істеңіз.
34. Кесу дискілеріне бүйірлік қысым түсірілмеуі
тиіс.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ: Өнімді қайта пайдалану
барысында САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАЙ,
қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе
орындамау ауыр жарақаттарға әкеп
соқтыруы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралдың жұмысын реттемес және
тексермес бұрын, әрдайым құралдың өшірулі
екендігіне және ажыратылғандығына көз
жеткізіңіз.
Білік құлпы
► Сурет1: 1. Білік құлпы
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Шпиндель қозғалып тұрғанда, білік құлпын
іске қосуға болмайды. Құралға зақым келуі
мүмкін.
Керек-жарақтарды орнату немесе алу кезінде
шпиндель айналмас үшін білік құлпын басыңыз.
Ауыстырып-қосқыштың әрекеті
► Сурет2: 1. Ауыстырып-қосқыш тетігі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды желіге қоспас бұрын, ысырма
ауыстырып-қосқышы дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына және ысырма ауыстырып-
қосқышының артқы жағы басылған кезде
"ӨШІРУЛІ" күйіне оралатынына көз жеткізіңіз.
Құралды іске қосу үшін ауыстырып-қосқыш тетігін
"I (ҚОСУЛЫ)" күйіне сырғытыңыз. Жұмысты
жалғастыру мақсатында ауыстырып-қосқыш тетігінің
алдыңғы жағын құлыптау үшін басыңыз.
Құралды тоқтату үшін ауыстырып-қосқыш тетігінің
артқы жағын басыңыз, сосын "O (ӨШІРУЛІ)" күйіне
қарай жылжытыңыз.
ҚҰРАСТЫРУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралмен жұмыс істемес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
Бүйірлік тұтқаны (сап) орнату
► Сурет3
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Жұмысқа кіріспес бұрын, бүйірлік тұтқаның
мықтап орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Суретте көрсетілгендей, бүйірлік тұтқаны құралға
нықтап бекітіңіз.
26 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Ga4530Ga5030

Table of Contents