Oppo Enco w51 Quick Start Manual page 39

True wireless headphones
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Құлаққа салынғанын анықтау
функциясы
OPPO Enco W51 нағыз сымсыз құлақаспабымен
аудио тыңдаған кезде құлақаспаптың біреуі
шығарылса, аудио кідіртіледі. Ойнатуды жалғастыру
үшін оны қайта тығыңыз.
Шуды жою функциясы
OPPO Enco W51 нағыз сымсыз құлақаспабы ішке
орнатылған микрофоны арқылы қоршаған ортадағы
шуды анықтап, сол шуды азайту үшін динамик
арқылы тең, бірақ қарама-қарсы сигнал шығарады.
Шуды жою функциясы қажетсіз шуды азайтып, анық
әрі толық ену әсерін беретін дыбысты
қамтамасыз етеді.
Ескертулер:
• Шуды жою функциясының әсерлері өте тыныш
орталарда байқалмауы мүмкін.
• Шуды жою функциясы төмен жиілікті шуда
жақсы істейді.
• Шуды жою функциясы шуды азайтады, бірақ
оны толығымен жойып жібермейді.
Зауыттық параметрлерге қайтару
1.
Құлақаспапты қуаттағыш қапқа салып, қақпағын
жаппай қалдырыңыз.
2.
Функция түймешігін 15 секунд бойы басып
тұрыңыз. Индикатор қызыл болып үш рет
жыпылықтағанда, құлақаспап зауыттық
параметрлерге қайтарылған болады.
Зарядтау
Зарядтау күйі
• Құлақаспап қуаттағыш қапқа салынып тұрғанда,
индикаторда құлақаспап батареясының қуат
деңгейі көрсетіледі. Құлақаспап қуаттағыш қаптан
шығарылған кезде, индикаторда қуаттағыш қап
батареясының қуат деңгейі көрсетіледі.
• Батарея қуатының деңгейі түрлі индикатор
түстерімен көрсетіледі. Атап айтқанда, қызыл
түс қуаттың төмен екенін, сары түс орташа
екенін, ал жасыл түс толық немесе жеткілікті
екенін білдіреді.
Құлақаспапты қуаттау
Қуаттай бастау үшін құлақаспапты қуаттағыш
қапқа салыңыз.
Қуаттағыш қапты қуаттау
• Сым арқылы қуаттау: қуаттағыш қапты жиынтықпен
бірге берілген USB-C қуаттау кабелін
пайдаланып қуаттаңыз.
• Сымсыз жолмен қуаттау: қуаттағыш қапты
үйлесімді сымсыз қуаттағыш панельді пайдаланып
қуаттаңыз. Сымсыз жолмен қуаттаған кезде
қуаттағыш қаптың алдыңғы жағы жоғары қарап
тұруы тиіс. Сымсыз жолмен керісінше қуаттай
алатын телефонды да пайдалануға болады.
35
Қазақ тілі

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Eti21

Table of Contents