Bosch Professional GSA 12V-14 Original Instructions Manual page 127

Hide thumbs Also See for Professional GSA 12V-14:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (7) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) жіберіңіз.
Содан кейін іске қосылудан қорғайтын құлыпты (6)
қайтадан оңға қарай басыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (7) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен
алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету
ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Температураны бақылау/артық жүктемеден
қорғаныс индикаторы
Қызыл түсті температураны бақылау/артық жүктемеден
қорғаныс индикаторы (9) аккумуляторды қатты қызып
кетуден және қозғалтқышты артық жүктеме түсуден
қорғауға көмектеседі.
Температураны бақылау/артық жүктемеден қорғаныс
индикаторы (9) үздіксіз қызыл түспен жанып тұрса, бұл
аккумулятор температурасы тым жоғары болғанын
білдіреді және электр құралы автоматты түрде өшіп
қалады.
Электр құралын өшіріп, жұмысты жалғастырмас бұрын
аккумуляторды суытыңыз.
Температураны бақылау/артық жүктемеден қорғаныс
индикаторы (9) қызыл түспен жыпылықтаса, электр
құралы бұғатталып, автоматты түрде өшіп қалады.
Электр құралын дайындамадан тартып шығарыңыз.
Бұғатталу жойылғаннан кейін электр құралы реттелген
жүріс санымен жұмысын жалғастырады.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Bosch Power Tools
Кеңестер
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау
алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың
бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жарамды ара төсемін
пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын (2) дайындама бетіне қойып, материалды
бірқалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әрекетін аяқтағаннан соң электр құралын
өшіріңіз.
Ара төсемі тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз.
Араланған аралықты сайкес аспаппен аз кеңейтіп электр
құралын шығарыңыз.
Батырып аралау (E суретін қараңыз)
Батырып аралау кезінде тек ағаш, гипсокартон
u
және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге
болады! Батырып аралау кезінде металл заттарды
өңдемеңіз!
Батырып аралау үшін тек қысқа ара төсемдерін
пайдаланыңыз.
Электр құралын тіреу тақтасының (2) жиегімен ара
төсемін (1) дайындамаға тигізбей дайындамаға қойыңыз
және іске қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып, ара төсемін ақырын
дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы (2) дайындамаға толықтай жайылғанда,
қалаулы кесік сызығымен аралаңыз.
Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1) 180°-қа бұрап
(тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға және электр
құралын тиісінше бұрап бағыттауға болады.
Суыту/майлау құралдары
Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік
сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Қазақ | 127
1 609 92A 6L9 | (26.05.2021)

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents