Makita CB100D Instruction Manual page 254

Cordless heated blanket
Hide thumbs Also See for CB100D:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қолдану мақсаты
Бұл құрылғы суық орта жағдайларында денені
жылытуға арналған.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ:
Барлық қауіпсіздік ескертулері
мен нұсқауларын оқып шығыңыз. Төменде
берілген барлық ескертулер мен нұсқауларды
орындамаған жағдайда, электр тогының соғуы,
өрт шығуы және/немесе ауыр жарақат алуға себеп
болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін
барлық ескерту мен нұсқауды
сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік ескертулері мен сақтық шараларындағы
"құрылғы" термині жамылғы және аккумулятор
картриджі бар аккумулятор ұстағышын білдіреді.
Жалпы қауіпсіздік ескертулері
Балаларға, мүмкіндіктері ерекше жандарға
немесе қызуды сезбейтін, мысалы қан
айналымы әлсіз адамдарға бұл құрылғыны
пайдалануға болмайды.
Құрылғыны басқа мақсаттарда пайдалануға
болмайды.
Құрылғыны ешқашан дымқыл кезінде
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны киімсіз жамылуға болмайды.
Әдеттен тыс жағдайлар сезілсе, құрылғыны
дереу өшіріп, аккумулятор ұстағышын алып
тастаңыз.
Электр кабелінің және ұзартқыш сымның
қысылып қалуына жол бермеңіз.
Зақымдалған кабель ток соғуға немесе
өртке әкелуі мүмкін.
Қандай да бір ақаулық табылса, жөндеу
жұмысына байланысты жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Түйреуіш немесе сол сияқты істікті
заттарды пайдаланбаңыз. Электр сымының
іші зақымдалуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсетуге арналған
жапсырмаларын және ақпараттық
тақтайшасын алмай, сақтап қойыңыз.
Оларды оқу мүмкін болмаса немесе мүлдем
жоқ болса, жөндеу жұмысына байланысты
өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны пайдалануды жалғастыру үшін,
пайдалану ортасына байланысты сәйкес
температура параметрлерін таңдаңыз.
Жуу және кептіру кезінде аккумулятор
картриджіне, аккумулятор ұстағышына
және жалғағыштарына судың кіруіне жол
бермеңіз.
Құрылғыны балаларға ата-анасы немесе
қамқоршысы басқару элементтерін алдын
ала орнатпаған немесе балаға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы тиісті нұсқаулар
берілмеген жағдайда пайдалануға болмайды.
Құрылғының қыздырғыш бөлімі терінің
бір жеріне ұзақ уақыт жанасып тұрмауы
қажет. Әйтпесе салыстырмалы түрде төмен
температура жағдайында да (40 - 60 °C) төмен
температуралы күйікке ұшырау қаупі бар.
Құрылғының ысып кеткенін сезген сәтте
оны пайдалануды тоқтатыңыз.
Құрылғыны ешқашан ұйқы кезінде
пайдалануға болмайды.
Ыстық өту қаупіне жол бермеу үшін
айтарлықтай жоғары температуралы
ортаға көшкен кезде құрылғының сыртқы
қаптамасын алып тастаңыз.
Түйреуіштерді жамылғыға қадауға
болмайды.
Зарядтаудан бұрын аккумуляторларды
құрылғыдан алыңыз.
Тозған аккумуляторларды құрылғыдан алып,
оларды қауіпсіз түрде кәдеге жаратыңыз.
Құрылғыны пайдаланбайтын кезде,
аккумулятор ұстағышын жамылғыдан
ажыратыңыз.
Құрылғыны сақтаудан бұрын аккумуляторларды
аккумулятор ұстағышынан алыңыз.
Клеммаларды қысқа тұйықтауға болмайды.
Құрылғыны от ошағының жанында немесе
айналасында тез тұтанатын сұйықтықтар,
газ немесе шаң сияқты заттардан
тұратын жарылыс қаупі бар орталарда
пайдаланбаңыз.
Құрылғыны үй жануарлары үшін
пайдалануға болмайды. Құрылғыны үй
жануарларынан алшақ жерде сақтаңыз.
Бұл құрылғыны лақтыруға немесе бұрауға
болмайды.
Бұл құрылғының үстіне ауыр заттар қоюға
болмайды.
Бұл құрылғыны жамылғысы бүктелген
күйде пайдалануға болмайды.
Сымның және жамылғының арқасы
шалқаймалы кресло немесе төсек сияқты
қозғалмалы құрылғыларға ілінуіне жол
бермеңіз.
Бұл құрылғыны басқа да қыздыратын
құрылғылармен бірге бір уақытта
пайдаланбаңыз.
Жуу
Жамылғыны жуу кезінде жамылғы бетіндегі
сақтық белгісінің нұсқауларын орындаңыз.
Жамылғыны тазалаудан бұрын
аккумулятор ұстағышын, ұзартқыш сымын
және аккумулятор картриджін алыңыз.
Электр кабелін аккумулятор қалтасына
салып, сыдырма ілгекті жабыңыз.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.
Лас немесе қараңғы аймақтар жазатайым
оқиғалардың туындауын арттырады.
254 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents