Dexter Laundry 20VAG3-125BL.1 Instruction Manual page 221

Cordless brushless angle grinder
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 278
5. ПАЙДАЛАНУ
4. Жұмысты бастаудан бұрын керек-жарақтың толық жылдамдыққа жетуіне мүмкіндік
беріңіз.
5. Керек-жарақ пен өңдеу бөлшегінің арасындағы қысым мен жанасу бетін бақылаңыз.
ЕСКЕРТУ! Керек-жарақты өңдеу бөлшегінің үстіне ешқашан ұрмаңыз. Қысымның тым
көп болуы керек-жарақтың ақаулығына алып келеді немесе жылдамдықты азайтады.
6. Жұмысты аяқтағаннан кейін құралды өшіріп, оны орнына қоюдан бұрын толықтай
тоқтағанына көз жеткізіңіз.
ТЕГІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛДАМ САҚТАНДЫРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
ЕСКЕРТУ: Сақтандырғыш түрі диск түріне сәйкес келуі керек, осылайша диск сынып
қалған жағдайда, оператор максималды қорғаныспен қамтамасыз етіледі.
Бүйірлік және перифериялық тегістеу кезінде, біркелкі өңделуіне қол жеткізу үшін,
құралды тұрақты қысымды пайдалана отырып, 15° - 30° аралығында ұстаңыз. Тым
үлкен бұрыш шағын аймақтарда жұмыс бетін қиратып немесе күйдіріп жіберуі мүмкін
шоғырландырылған қысымды тудырады.
КЕСУГЕ АРНАЛҒАН ЖЫЛДАМ САҚТАНДЫРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Кесуге арналған жылдам сақтандырғыш тек кішірейтіп кесу және ұсақ етіп тілу
жұмыстарына ғана лайықты.
ЕСКЕРТУ: Сақтандырғыш түрі диск түріне сәйкес келуі керек, осылайша дөңгелек
сынып қалған жағдайда, оператор максималды қорғаныспен қамтамасыз етіледі.
Кесуге арналған жылдам сақтандырғышты пайдаланған кезде, құралды дискінің шеті
арқылы ғана көрсетілгендей етіп ұстау керек.
ЕСКЕРТУ! Кесуге арналған дискінің беткі жағын пайдалану дискінің сынуын немесе
зақымдануын тудырып, ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін.
САҚТАНДЫРҒЫШТЫ ОРНАЛАСТЫРУ
Шарқайрақтағы сақтандырғыш тұтқаның бекітілетін жағына байланысты дұрыс
орналастырылған болуы тиіс. Сақтандырғышы дұрыс орналастырылмаған
шарқайрақты ешқашан пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Сақтандырғышты шарқайрақтың алдында болатындай етіп ешқашан
қоймаңыз.
Бұл дискіден шығарылған ұшқындар мен бос бөлшектер операторға бағытталатындықтан,
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Сақтандырғышты әрқашан дұрыс орынға қойыңыз.
Сақтандырғыштың орнын өзгерту үшін:
Батарея блогын алыңыз.
Қысқышты тарту арқылы құлыптан босатыңыз, сақтандырғышты шарқайрақтан алыс
жерде дұрыс орнына бұраңыз.
Сақтандырғыштың қысқышын оны басу арқылы құлыптаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтандырғыштың шығыңқы жері мойынтіректің қақпағындағы ойыққа
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Сақтандырғышы орналастырылмаған немесе дұрыс
реттелмеген шарқайрақты ешқашан пайдаланбаңыз.
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
UA
KZ
RO
BR
EN
221

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

3276000697985

Table of Contents