Panasonic CF-W7 Series Read Me First page 173

Hide thumbs Also See for CF-W7 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қауіпсіздік шаралар (Батареялар блогы)
Басқа өнімге қолданбаңыз
Батареялар блогы қайта зарядталады жəне тек
көрсетілген өнімге арналған. Егер оны оған
арналмаған өнімге қолдансаңыз, оның электролиті
ағып, ол қызып немесе жарылып кетуі мүмкін.
Батареяны көрсетілген тəсілдерден өзге тəсіл
бойынша зарядтамаңыз
Егер батарея көрсетілген тəсілдердің біреу бойынша
зарядталмаса, оның электролиті ағып, ол қызып,
жанып немесе жарылып кетуі мүмкін.
Батареялар блогын отқа немесе тым қатты ыстық
жерге тастамаңыз
Өйткені ол қызып, жанып немесе жарылып кетуі
мүмкін.
Тым жоғары ыстық жерге (Мысалы, оттың қасына,
тікелей күн сəулесінің астында) тастаудан аулақ
болыңыз
Өйткені, ол қызып, жанып немесе жарылып кетуі
мүмкін.
Батареялар блогының ішіне өткір заттарды
салмаңыз, оны қатты соққыдан сақтаңыз,
бөлшектемеңіз жəне оған өзгеріс енгізбеңіз
Өйткені, оның электролиті ағып, ол қызып, жанып
немесе жарылып кетуі мүмкін.
Оң (+) мен теріс (-) контактілерді тұйықтамаңыз
Өйткені ол қызып, жанып немесе жарылып кетуі
мүмкін. Тасымалдау немесе сақтау кезде батарея
блогын алқалар немесе шаш түйреуіш сияқты
заттармен бірге қоймаңыз.
Бұл өнімді көрсетілгеннен өзге батареялар
блогымен қолданбаңыз
Өніміңізге тек көрсетілген батареялар блогын (CF-W7:
CF-VZSU51W/52W, CF-Y7: CF-VZSU45U) қолданыңыз.
Panasonic компаниясы шығарып жабдықтағаннан өзге
батареялар блоктарын қолдану қауіпсіздікке əсер етеді
(мысалы, қызып кетуі, жануы немесе жарылып кетуі
мүмкін).
Батареялар блогындағы түйіспелерді ұстамаңыз.
Егер контактылар кір не зақымданған болса,
батареялар блогы дұрыс жұмыс істемей қалуы
мүмкін.
Батареялар блогына су не ылғал тигізбеңіз.
Егер батареялар блогы ұзақ уақыт (бір ай не одан
ұзақ) қолданылмайтын болса, қуат деңгейі 30%-
40% болғанынша оны зарядтап не зарядын
қолданып, содан соң салқын жəне құрғақ жерге
сақтап қойыңыз.
Бұл компьютер, батареясын артық зарядталудан
сақтау үшін, оны, қалған қуаты шамамен 95%-тен
төмен (Үнемді режим (ЕСО) қосылып тұрса: 75%)
болған кезде ғана зарядтайды.
Компьютерді бірінші рет сатып алған кезіңізде
батареялар блогы зарядталмаған болады. Бірінші
рет қолдану алдында оны зарядтап алуды
ұмытпаңыз. АС адаптері компьютерге қосылып
тұрса, зарядталу өздігінен басталады.
Батарея ағып, ішіндегі сұйық заты көзіңізге түссе,
көзіңізді қолыңызбен уқаламаңыз. Көзіңізді дереу
таза сумен жуып, дəрігерге мүмкіндігінше тезірек
көрініңіз.
ЕСКЕРТПЕ
Зарядталу немесе қолдану кезінде батареялар
блогы жылып кетуі мүмкін. Бұл оның қалыпты
күйі.
Егер батареялар блогының ішкі температурасы
рұқсат етілген температура аралығында (0 °C -
55 °C) болмаса, зарядталу басталмайды. (
Reference Manual «Battery Power»).
Температура рұқсат етілген аралыққа түскен
кезде, зарядталу өздігінен басталады.
Зарядталу уақыты қолдану жағдайларына
байланысты болатынын ескеріңіз. (Егер
температура 10 °C не одан төмен болса,
батарея ұзағырақ зарядталады.)
Егер температура төмен болса, жұмыс істеу
уақыты қысқарады. Компьютерді тек рұқсат
етілген температура аралығында қолданыңыз.
Батареялар блогы шығын бөлшектерге жатады.
Егер компьютердің жұмыс істеу уақыты біраз
қысқарып қалып, қайта зарядтау батареялар
блогының қабілетін қайтармаса, онда ол блогты
жаңасына ауыстыру керек.
Резервтік батареяны қапшықтың, портфельдің
немесе басқа нəрсенің ішінде тасымалдаған
кезде, контактілерін қорғау үшін оны
пластмассалы сөмкеге салған жөн болады.
Компьютерді қолданбайтын кезде, əр-қашанда
тоқтан өшіріп қойыңыз. АС адаптері қосылмай
тұрған кезде компьютерді қосулы қалдырсаңыз,
ол батареяның қалған қуатын тауысып қояды.
173

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Cf-y7 seriesCf-y7b

Table of Contents