Bosch Professional GAS 18V-10 L Original Instructions Manual page 126

Hide thumbs Also See for Professional GAS 18V-10 L:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
126 | Қазақ
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе
жарылуы мүмкін.
Ылғал шаңсору алдында
– Контейнерді (1) босатыңыз.
– (27) сүзгісін тазалап қайта сорғышқа салыңыз
(қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру
(I1−I2 суреттерін қараңыз)", Бет 126).
Шаңсорғыш қалтқымен жабдықталған. Максималдық
толтыру биіктігі жетілгенде, сору тоқтатылады.
Әр ылғалды шаңсору алдында
– Контейнерді (1) босатыңыз.
– Суды сүзгіден (27) төгіңіз.
Ылғал шаңсорудан соң зең басудың алдын алу үшін
– Сорғыш жоғарғы бөлігін (5) шешіп жақсы құрғатыңыз.
– Сүзгіні (27) шешіп оны да әбден кептіріңіз (қараңыз
„Сүзгіні тазалау/алмастыру
(I1−I2 суреттерін қараңыз)", Бет 126).
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны
u
тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды
алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға
қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз.
Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз
қосылуына жол бермейді.
Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен
u
желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін,
сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше
қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет
көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді.
Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты
бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу
жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек.
Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс
жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін
техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс
алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың
саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы
сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы
қажет.
Кір айналада тұрған L класындағы сорғыштардың сырты
және барлық агрегат бөліктерін тазалау және
герметикпен өңдеу қажет. Техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде
тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл
бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою
бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
– Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл
шүберекпен тазалап тұрыңыз.
– Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен
тазалаңыз.
1 609 92A 551 | (02.07.2019)
Ыдысты тазалау (H1−H2 суреттерін қараңыз)
(1) контейнерін әр пайдаланудан соң тазалап оптималды
шаңсорғыштың оптималды қуатына жетіңіз.
– Құлыптарды (2) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін
(5) ашыңыз.
– (1) контейнерін сай қоқы контейнерінің жоғарысында
қағыңыз.
– Керек болса, контейнерді дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Керек болса, сүзгіні тазалаңыз (қараңыз „Сүзгіні
тазалау/алмастыру (I1−I2 суреттерін қараңыз)",
Бет 126).
– Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (5) орнатып
құлыптарды (2) жабыңыз.
Сүзгіні тазалау/алмастыру (I1−I2 суреттерін қараңыз)
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні
жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.
– Құлыптарды (2) ашып, сорғыштың жоғарғы бөлігін (5)
алып тастаңыз.
– Сүзгіні (27)
айналу бағытымен тірелгенше бұрап,
оны сүзгі ұстағышынан (28) шығарып алыңыз.
– Сүзгіні кептіру:
Сүзгіні (27) жарамды қоқыс контейнеріне қағып
алыңыз. Сүзгі пластиналарының зақымдалмағанына
көз жеткізіңіз.
Максималды сору күшіне қол жеткізу үшін сүзгі
пластиналарын жұмсақ шүберекпен тазалап шығыңыз.
немесе
Дымқыл сүзгі:
Сүзгіні (27) ағынды су астында шайып, содан кейін
жақсылап кептіріңіз.
немесе
Зақымдалған сүзгіні (27) алмастырыңыз.
– Сүзгіні (27) сүзгі ұстағышы (28) арқылы енгізіп, оны
айналу бағытымен тірелгенше бұраңыз.
– Сорғыштың жоғарғы бөлігін (5) қайта орнатып,
құлыптарды (2) жауып қойыңыз.
Құлыптардың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Ақаулықтар
Сору қуаты жеткіліксіз болса, төмендегіні тексеріп
шығыңыз:
– Контейнер (1) толған ба?
▷(қараңыз „Ыдысты тазалау (H1−H2 суреттерін
қараңыз)", Бет 126).
– Сүзгі (27) шаңмен бітелген бе?
▷(қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру
(I1−I2 суреттерін қараңыз)", Бет 126).
– Аккумулятор қуаты тым аз ба?
▷(қараңыз „Аккумуляторды зарядтау", Бет 124).
Контейнерді (1) жүйелі түрде босату және сүзгіні (27)
тазалау арқылы оңтайлы сору қуаты қамтамасыз етіледі.
Егер сору қуаты сонда да жеткіліксіз болса, сорғышты
қызмет көрсету орталығына апару керек.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents