Download Print this page

Braun Oral-B Professional Care 500 Manual page 14

Hide thumbs Also See for Oral-B Professional Care 500:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Электр қорегінен ажыратқан кезде үнемі сымның өзі емес
штекерден ұстаңыз.
Осы құралды осы нұсқаулықта көрсетілген мақсатта ғана
пайдаланыңыз. Шығарушы-фирма көрсетпеген қосымша
бөлшектерді қолданбаңыз.
Егер сіз тісіңізді емдетіп жүрсеңіз, онда осы тіс мәсуәгін
пайдаланбастан бұрын сіздің тіс дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Сипаттама
a қондырғылар
b қосу/ажырату түймесі
c сабы
d зарядтың көрсеткіші
e зарядтың төмен деңгейінің көрсеткіші
f зарядттау құралы
g қондырғыны бекітуші (түріне байланысты)
Ерекшелігі:
Түрі: 3757
Кернеу: 220–240 В
Жиілігі: 50–60 Гц
Ток күші: 1,2 Вт
Шу деңгейі: 63,5 дБ (A)
IP: 67
Қосу және зарядттау
Сіздің мәсуәгіңіздің сабынан су өтпейді, қауіпсіз, сондықтан сіз
оны жуынатын бөлмеде пайдалана аласыз.
Зарядттау құралын (f) немесе жиналған зарядттау құралын
(сурет B, 2 бет) электр тогына қосыңыз да сабын (c)
зарядттау құралына қойыңыз.
Зарядканың жасыл көрсеткіші (d) сап зарядтталып жатқанда
жыпылықтап тұрады. Сап толығымен зарядтталғанда
зарядканың жасыл көрсеткіші толастамай 5 секунд бойы
жанып тұрады да сөнеді. Толығымен заряд алу үшін уақыт
17 сағаттан кем болмауы кеек. Толықтай заряд алғаннан
кейін сіз шамамен бір апта бойы тісіңізді 2 рет 2 минуттан
мәсуәкпен тазалай аласыз.
Аккумулятордың зарядының аса төмен деңгейінде қызыл
көрсеткіш (e), жанады да, құралды өшіргеннен кейін ол
жыпылықтай бастайды.
Мәсуәкті күнделікті қолданған жағдайда сіз оның толықтай
зарятталған деңгейі болуы үшін сапты заряттау құралында
ұстай аласыз. Аккумуляторды қайта зарядттау мүмкін емес.
Алайда қоршаған ортаны қорғау мақсатында Oral-B
зарядттау құралын электр қорегінен аккумуляторға келесі
зарядттау қажет болған сәтке дейін ажыратып қоюға кеңес
беріледі.
Аккумулятор батарейкасының барлық күшін сақтау үшін
6 айда 1 рет зарядттау құралын электр желісінен ажыратып
отырыңыз да мәсуәкті толықтай заряды біткенше
қолданыңыз.
Аса маңызды: заряд көрсеткіші бірден жанбаса, сапты
зарядттай беріңіз, сонда көрсеткіш 10–15 минуттан кейін
жыпылықтай бастайды.
Электр мәсуәгін пайдалану
Сіз тіс пастасының кез келген түрін пайдалана аласыз.
Шашыратпау үшін қондырғыны тіске іске қоспай тұрып
жақындатыңыз. Жайлап мәсуәкті бір тістен екінші тіске
қозғалтыңыз, әрбір тіске тек бірнеше секунд қана пайдала-
ныңыз. Тіс еттерін де тура осылай алдымен сыртынан содан
кейін ішінен тазалаңыз. Ең соңында тістің үстін тазалаңыз.
Мәсуәкті тым қатты баспаңыз және ыспаңыз. Тек қана
мәсуәкке сіз үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз.
Қысым көрсеткіші
Тазалауда жақсы нәтижелерге жету үшін сіздің мәсуәкте
қысым көрсеткіші бар. Егер сіз қатты басатын болсаңыз,
айналу қозғалыстары бола береді де соғу дыбысы тоқтайды.
Сіз оны сезіп естисіз.
Арнайы уақыт өлшеуіші
Сіз сезіп еститін қысқа толастамайтын дыбыс әрбір 30 секунд
сайын сіздің ауызыңыздың әрбір бөлігін біркелкі тазалау қажет
екендігін еске салады. Ал ұзағырақ үзік-үзік дыбыс тазалаудың
басталғанынан кейін 2 минут (бұл тіс дәрігерлері құптаған ең
жақсы уақыт) өткенін хабарлайды. Тазалау кезіндегі уақыттың
аяқталғанын уақыт көрсеткіші белгілейді, тіпті қысқа уақытқа
(30 секунд) сөндірген кезде де. 30 сек. аса тазалау кезіндегі
үзілісте уақыт өлшемі қайтадан нольге келеді.
Алғашқы қолданған күндері сіздің тісіңіздің еттері қанауы
мүмкін. Бірақ бірнеше күн қолданғаннан кейін бұл жоғалып
кетеді. Сонда да осындай жағдай екі апта бойы кетпесе, онда
тіс дәрігерімен кеңесіңіз.
Жеке қондырғылыры мғн бөлшектері
Braun Oral-B Precision Clean қондырғысы-аса мұқият
тазалау
Oral-B Precision Clean қондырғысы аса мұқият
тазалау үшін, ол сіздің тісіңізді, тіс етін қатарымен
және аса қиын жерлерді қайта айналдыру
қозғалысының көмегімен тазалайды.
Braun Oral-B Precision Clean қондырғысы-сезімтал тазалау
Braun Oral-B Sensitive қондырғысы аса сезімтал тіс
пен тіс еттерін тазалауда керемет нәтижелер
береді. Бұл қондырғыны дайындау үшін сіздің
тісіңіз бен тіс еттерін сақтықпен тазалайтын тым
жұмсақ қылдар пайдаланылады.
Braun Oral-B 3D WHITE қондырғысы ағартады
Braun Oral-B 3D WHITE қондырғысы арнайы
тістерді жылтырату және кофе, шәй және
табактың дақтырын кету арқылы табиғи ағарту
үшін арналған. Егер сіздің тісіңізде брекет болса,
онда Braun Oral-B 3D WHITE қондырғысын
қолдануға болмайды. Бұл қондырғыны сонымен қатар
12 жасқа толмаған балаларға да қолдануға болмайды.
13

Hide quick links:

Advertisement

loading