Braun TexStyle 7 Pro Manual page 88

Hide thumbs Also See for TexStyle 7 Pro:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 10
(D) Қақтан тазалау
Дайындау
1. Бу реттегіш тетікті (4) «0» қалпына
(= бу өшірулі) орнатыңыз.
2. Су сауытына су құйыңыз.
3. Тоққа жалғаңыз да, температура
таңдау тетігіндегі (7) "max" қалпына
температураны орнатыңыз.
4. Температураны басқару шамы (8)
сөнгенше күтіңіз де, үтікті тоқтан
ажыратыңыз. Үтікті шұңғылшаның
үстінде ұстап тұрыңыз.
5. Бу реттегішін сағат тілінің бағытымен
«6» бу параметрінен асырып бұраңыз.
Сырт еткен дыбыс естілгенде,
серіппенің ұшы көрінгенше оны тігінен
сыртқа қарай тартыңыз. Оны түгелдей
алып шығу қажет.
Өздігінен тазару
6. Құрылғыны шұңғылшаның үстінде
ұстап тұрып әрі-бері қозғаңыз. Бу
сауытынан шығатын әк
түйіршіктерімен бірге үтік табанынан
ыстық су мен бу шығатын болады.
Клапанды жуу
Үтік барынша жақсы жұмыс істеуі үшін
қарқынды бу жіберу түймесінің төменгі
шетінде орналасқан клапанды мезгіл-
мезгіл жуып тұру керек (мысалы, бу
шығару жеткіліксіз болған кезде).
7. Қақ тұрғызбайтын клапанды сірке
суына (сірке суының эссенциясына
емес) немесе лимон қышқылына кем
дегенде 30 минут матырып қойыңыз.
8. Шөккен қалдықты шөткемен жинап
алыңыз да, ағып тұрған суға жуыңыз.
Бастапқы қалпына келтіру
9. Бу реттегішін орнына салыңыз,
күшпен төмен басыңыз да, «6» бу
параметріне қайтадан бұраңыз.
10. Су сауытына қайтадан су құйыңыз.
11. Тоққа жалғаңыз да, температура
таңдау тетігінің көмегімен
температураны орнатыңыз.
12. Температураны басқару шамы
сөнгенше күтіңіз.
Ескертпе: Үтікті бу реттегіш тетіксіз
ешқашан да пайдалануға болмайды.
Дүкенде сатылатын қақ
тазартқыштарды пайдалануға
болмайды, олар үтікті бүлдіруі
мүмкін.
86
DLB253489_5712710601_SI7_UI_INT.indb 86
Ескертпе: Қақтан тазарту жиілігі судың
кермектік дәрежесіне, пайдаланылатын
будың көлеміне және үтіктеу жиілігі мен
ұзақтығына байланысты болады.
Қақтан тазарту процедурасын кем
дегенде айына бір рет іске асырған
дұрыс болады.
(E) Үтік табанын тазалау
• Тазалардан бұрын үтіктің өшірілгеніне,
тоқтан ажыратылғанына және әбден
суығанына көз жеткізіңіз.
• Saphir үтік табанын тазалау үшін болат
жөкені пайдаланыңыз.
Eloxal үтік табанын тазалау үшін
дымқыл шүберекті пайдалануды
ұсынамыз.
Үтік табанының атауы сый қорапта және
үтік табанының өзінде басылған.
• Химиялық заттарды, сірке суын немесе
қырғыш жөкені (мыс., қатты нейлон
матасы бар жөке т.с.с) пайдалануға
болмайды.
21.12.16 09:51

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents