LG -M250 User Manual page 364

Hide thumbs Also See for LG-M250:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 374
LG компаниясы микробағдарлама жаңартуларын өз қалауы
бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын өзінде
қалдырады жəне микробағдарламаның ең соңғы нұсқасы
телефондардың барлық үлгілері үшін қол жетімді болатынына
кепілдік бермейді.
LG ұялы телефонының бағдарламалық
жасақтамасын Over-the-Air (OTA) технологиясы
арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефоныңыздағы бағдарламалық құралды жаңа
нұсқаға USB кабелін пайдаланбай-ақ, OTA технологиясы арқылы еш
қиындықсыз жаңартуға мүмкіндік береді. Аталмыш мүмкіндікке LG
компаниясы құрылығыңыз үшін қолжетімді жаңа микробағдарлама
нұсқасын жасағаннан кейін ғана қол жеткізуге болады.
Алдымен ұялы телефоныңыздағы бағдарламалық құрал нұсқасын
тексеріңіз:
Баптаулар Баптаулар Телефон ақпараты Ортақ
Жаңарту орталығы БҚ жаңартпасы Жаңартуды қазір тексеру
тармағын түртіңіз.
Google есептік жазбасы мен кез келген басқа тіркелгілер,
жүйе/қолданба деректері мен параметрлер, кез келген жүктеп
алынған қолданбалар жəне лицензиясы туралы ақпаратты
қоса телефонның ішкі жадындағы жеке деректер телефонның
бағдарламалық құралын жаңарту процесі кезінде жоғалуы
мүмкін. Сондықтан, LG компаниясы телефонның бағдарламалық
жасақтамасын жаңартпас бұрын жеке деректерге сақтық көшірме
жасауды ұсынады. LG компаниясы ешқандай жоғалған жеке
деректер үшін жауапты емес.
Бұл мүмкіндік аймақ немесе байланыс операторына байланысты.
Қосымша
115

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents