LG -M250 User Manual page 254

Hide thumbs Also See for LG-M250:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 374
Қауіпсіз жəне тиімді пайдалану
туралы нұсқаулар
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау қауіпті
немесе заңсыз болуы мүмкін.
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық құрал қателер
журналын жинайды. Бұл құрал сигнал күші, кенеттен үзіліп кеткен кездегі
ұялы идентификатор орны жəне жүктелген қосымшалар сияқты қатеге
қатысты деректерді ғана жинайды. Журнал қатенің себебін анықтауға
көмектесу үшін ғана пайдаланылады. Бұл журналдар шифрланған жəне
құрылғыңызды жөндеуге алып барғаныңызда ғана оларды өкілетті LG қызмет
көрсету орталығы аша алады.
Радио жиілігі қуатының əсері
Радиотолқын əсері жəне меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат.
Бұл құрылғы радиотолқындардың əсеріне қойылатын қолданыстағы
қауіпсіздік талаптарына сай етіп жасалған. Бұл талаптар жасы мен
денсаулық жағдайына қарамастан, барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін, қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға
негізделген.
Радиотолқын əсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті
немесе МСК деп аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК
сынақтары стандартты əдістер бойынша барлық қолданыстағы жиілік
ауқымдарындағы ең жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейінде құрылғыдан
сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.
Əр түрлі LG құрылғы үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болғанымен, олардың барлығы радиотолқындар əсері
бойынша нұсқауларға сəйкес келетін етіп жобаланған.
Иондамайтын сəулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК)
ұсынған SAR шектеуінің орташа мəні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
Осы үлгінің сыналған ең жоғары МСК мəні құлақтың жанында — 0,477 Вт/
кг (10 г), ал денеде тағып жүргенде — 0,937 Вт/кг (10 г).
5

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents