Philips FC9200 User Manual page 93

Hide thumbs Also See for FC9200:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
1
Мотордың қорғаныс сүзгісін құралдан шығарыңыз. Сүзгінің шаңын
қоқыс шелегіне түсіріңіз.
Мотордың қорғаныс сүзгісі өте лас болса, оны суық ағын сумен шаюға
да болады.
Сүзгіні тазалау үшін ешқандай тазалау сұйықтықтарын немесе жуу
құралдарын қолдануға болмайды.
2
Дұрыстап орнатылуы үшін, таза сүзгіні сүзгі бөліміне қатты
басыңыз.
Super Clean Air, Super Clean Air HEPA 12 немесе Ultra
Clean Air HEPA 13 сүзгісі
Бұл құралда Super Clean Air, Super Clean Air HEPA 12 немесе Ultra
Clean Air HEPA 13 сүзгілерінің бірі болады. Бұл сүзгілер құралдың артқы
жағында орналасқан.
Ескертпе. Шаң сорғыш шаңды жақсылап жинап, оңтайлы қызмет
көрсетуі үшін, сүзгіні тек түпнұсқа Philips сүзгілерінің дұрыс түрімен
алмастырыңыз («Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» тарауын
қараңыз).
Super Clean Air сүзгісі
Super Clean Air сүзгісі кішірек бөлшектердің көбісін өзінің
электростатикалық жолмен зарядталған талшықтары арқылы
шығарылған ауадан сүзеді.
Super Clean Air сүзгісін әр алты ай сайын ауыстырып тұрыңыз. Бұл
сүзгіні жууға болмайды.
1
Сүзгінің торын шығарыңыз.
2
Ескі сүзгіні алып тастаңыз.
3
Жаңа сүзгіні құрылғыға орнатыңыз.
4
Сүзгі торының бетін қайтадан салып, төменгі бұрыштарын
орнына түскенше басыңыз («сырт» ете түседі).
Super Clean Air HEPA 12 сүзгісі
Super Clean Air НЕРА 12 сүзгісі ауа шығатын жерден 0,0003 мм
өлшеміндегі бөлшектердің 99,5%-н ұстап қалады. Ол тек қана үй
ішіндегі қоқыс бөлшектерін ғана емес, сонымен қатар тыныс алу
органдарындағы аллергияның себебі болатын шаң кенелері мен
олардың қалдықтары тәрізді зиянды микроскопиялық паразиттерді
ұстап қалады.
Super Clean Air HEPA 12 сүзгісін әр алты ай сайын ауыстырып тұрыңыз.
Бұл сүзгіні жууға болмайды.
ҚазаҚша
93

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Fc9219

Table of Contents