Samsung EI-AN920 User Manual page 443

Hide thumbs Also See for EI-AN920:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Жұмысты бастау
Бауды тағу
• Samsung Charm құрылғысын магнитті өрістер жанында сақтамаңыз. Магнитті
жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон карталары, банк
есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті өрістер әсерінен зақымдалуы
мүмкін.
• Бауды шамадан тыс бүкпеңіз немесе бұрамаңыз.
• Samsung Charm құрылғысына шамадан тыс күш салмаңыз.
• Бауды шамадан тыс тартпаңыз.
Сыдырма ілгекті ажыратыңыз және бауды білгектің айналасына қойыңыз. Бауды білегіңіздің
астына келтіріңіз, өзекті реттеу тесігіне салыңыз және сыдырма ілгекті сенімді түрде бекітіңіз.
Батареяны зарядтау
Samsung Charm құрылғысын бірінші рет пайдалану алдында немесе Samsung Charm
құрылғысы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны зарядтаңыз.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз.
Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе
Samsung Charm құрылғысының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Егер Samsung Charm құрылғысы мен зарядтау станциясының арасында қандай да
бір кедергі болса, Samsung Charm құрылғысы тиісті түрде зарядталмауы мүмкін.
Samsung Charm құрылғысы мен зарядтау станциясына терді, сұйықтықтарды
немесе шаңды тигізбеңіз.
• Зарядтау терминалдарын өткізгіш материалдарға тигізбеңіз, себебі терминалдар
тоттанып кетуі мүмкін. Егер бұндай жағдай орын алса, терминалдарды құрғақ әрі
жұмсақ матамен сүртіңіз.
Қазақ тілі
7
5

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents