Bosch GEX Professional 150 AC Original Instructions Manual page 123

Hide thumbs Also See for GEX Professional 150 AC:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 12
OBJ_BUCH-424-005.book Page 123 Tuesday, December 3, 2013 8:43 AM
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң жәшігімен өзіндік шаңсору (C1 –C4 суреттерін
қараңыз)
Шаң қорабын орнатудан алдын 6 пластмассалық
жылжыманы 13 шығарыңыз. Шаң қорабын 6 үрлегіш
штуцерге 14 тірелгенше орнатыңыз. Пластмассалық
жылжыма 13 ұстағышқа 12 кіруіне көз жеткізіңіз.
Шаң қорабын босату үшін 6 бұғаттау тұтқышын 15 шаң
қорабының () шетіне басыңыз. Шаң қорабын төменге
тартып алыңыз ().
Шаң жәшігін 6 ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды
босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға
соққылаңыз.
Шаң жәшігін 6 ұстау ойысынан ұстап, сүзгі элементін 16
жоғарыға шығарып шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі
элементінің 16 тілімшелерін жұмсақ қылшақпен
тазалаңыз.
Сыртқы сорғыш (D суретін қараңыз)
Сорғыш адаптерді 17 үрлегіш щтуцерге 14 салыңыз.
Сорғыш адаптердің бүғаттау тұтқышы тірелгеніне көз
жеткізіңіз. Сору адаптеріне 17 диаметрі 19 мм сору
шлангысын жалғауға болады.
Сорғыш адаптерді шешу үшін 17 бұғаттау тұтқышын
артында қысып сорғыш адаптерді шығарып алыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң қабымен өзіндік шаңсору (E суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң қабын (жабдықтар) 19 қосуға болады.
Шаң қабын орнатудан алдын 19 пластмассалық
жылжыманы 13 шығарыңыз. Шаң қабының құбырын
үрлегіш штуцерге 14 салыңыз. Пластмассалық жылжыма
13 шаң қабындағы оған арналған ұстағышқа 19 кіруіне көз
жеткізіңіз.
Шаң қабын 19 шаңсору оптималды болып қалуы үшін
уақтылы босатыңыз.
Bosch Power Tools
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқа 1 оңтайлы қолдану мен оптималды күш
таралуын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары тегістеу
шығынында.
Қосымша тұтқаны 1 бұрандамен 2 корпусте бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 4 басып
тұрыңыз.
Басылған қосқыш/өшіргішті 4 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 5 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 4 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 5 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 4 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тербелу санын таңдау (GEX 125 AC/GEX 150 AC)
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1 –2
төмен тербелу саны
3 –4
орташа тербелу саны
5 –6
жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі тербелу
санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі өнімділікті
қамтамасыз етеді.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Тегістеу тәрелкесінің тежегіші
Кірістірілген тегістеу тәрелгесінің тежегіші бос жүрісте
тербелу санын төмендетіп электр құралын дайындамаға
қоюда сызат пайда болуының алды алынады.
Егер бос жүріс тербелу саны көтерілсе, тегістеу тәрелкесі
зақымдалған болып оны алмастыру керек немесе тегістеу
тәрелкесінің тежегіші тозғын. Тозған тегістеу тәрелкеснің
тежегіші өкілетті Bosch электр құралының қызмет көрсету
орталығында алмастырылуы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Қaзақша | 123
2 609 932 908 | (3.12.13)

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gex professional 125 aGex professional 125 ac

Table of Contents