Philips BT7085 User Manual page 68

Hide thumbs Also See for BT7085:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
68
Ток сымымен сақал кесу
Батарея заряды төмен болғанда құрылғыны розеткаға қосылған күйде
де пайдалануға болады.
Розеткаға жалғанған құралды :
1
Құралды өшіріп, қуат көзіне жалғаңыз.
2
Бірнеше секунд күтіп, құрылғыны қосыңыз.
Ескертпе. Батареяның мүлде заряды болмаса, құралды бірнеше
минуттан кейін барып қосыңыз.
Құрылғыны пайдалану
Дисплей көрсеткіштері (тек BT7085/QT4070 үлгілерінде)
Қосу/өшіру түймесі басылғанда және реттеу сақинасы бұралғанда
дисплей қосылады.
-
Қырқу барысында дисплей келесі ақпаратты береді:
, «-»: құралға тарақ орнатылмаған жағдайда.
, Миллиметр өлшемінде таңдалған шаш ұзындығы (яғни, қырқудан
кейін қалған шаштың ұзындығы).
, Қалған заряд деңгейі.
, Тасымал бекітпесінің көрсеткіші: құрал бекітілген жағдайда
(осы тараудағы «Тасымал бекітпесі» бөлімін қараңыз).
, «E»: қырқу бөлігі кептеліп қалғанда.
Сақалды тегістеу
Қырқу алдында, әрдайым сақалды немесе мұртты тістері жиі тұратын
тарақпен тарау қажет.
Қырқу тарағымен сақалды қырқу
Шаштың ұзындығының параметрлері миллиметр өлшемінде құрал
дисплейінде көрсетіледі. Параметрлер қырқудан кейінгі шаштың
ұзындығына сәйкес болады.
Қырқу тарағы түкті 1-18 мм арасындағы ұзындыққа кеседі.
Сақалды алғаш рет қырқып жатқан болсаңыз, ең ұзын шаш
параметрінен бастағаныңыз жөн (18 мм).

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Qt4050Qt4070

Table of Contents