Download Print this page

Makita TW202D Instruction Manual page 25

Cordless impact wrench
Hide thumbs Also See for TW202D:

Advertisement

Available languages

Available languages

2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
4.
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін;
оған тимеуге тырысыңыз. Егер абайсызда
тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер
сұйықтық көзге тиген болса, медициналық
көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан
сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы
мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
6.
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
1.
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Зақымдалған аккумулятор блоктарына
2.
қызмет көрсетуге болмайды. Аккумулятор
блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе
өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.
3.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Аккумуляторлы соқпалы
сомын бұрағыштың қауіпсіздік
ескертулері
Жұмыс істеп жатқанда, бекіткіш
1.
жасырын сымға тиіп кетуі мүмкін болса,
электрлік құралды оқшауланған арнайы
қысқыштармен ұстаңыз. Бекіткіш кернеулі
сымға тиіп кетсе, электрлік құралдың ашық
металл бөлшектерінде кернеу пайда болады,
нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.
2.
Қорғаныс құлаққабын киіңіз.
3.
Орнату алдында соқпалы бастиектің
тозғанын, жарылғанын немесе
зақымдалғанын мұқият тексеріңіз.
4.
Құралды мықтап ұстаңыз.
5.
Қолыңызды айналмалы бөлшектерден
аулақ ұстаңыз.
6.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, соқпалы
бастиек, болт, сомын немесе өңделіп жатқан
бөлшекті бірден ұстамаңыз. Олар тері күйіп
қалатындай өте ыстық болуы мүмкін.
7.
Әрдайым тұрақты жерде тұрғаныңызға көз
жеткізіңіз.
Құралды биіктікте пайдаланған кезде,
төменгі жақта адамдардың жоқтығын
тексеріңіз.
8.
Дұрыс бекіту моменті болттың өлшемі мен
түріне байланысты түрленуі мүмкін. Айналу
моментін сомынды бұрайтын кілтпен
тексеріңіз.
Құралды пайдалану арқылы электр
9.
кабельдері, су құбырлары, газ
құбырлары және т.б. зақымдалса, қауіп
төндіретіндіктен, олардың жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
ЕСКЕРТУ:
Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген қауіпсіздік ережелерін ДҰРЫС
ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау ауыр
жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз
2.
немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз.
Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу
жағдайларына алып келуі мүмкін.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
25 ҚАЗАҚША

Advertisement

loading