Kärcher K 6 Special Manual page 169

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
Су беру жүйесі
Байланыс мəліметтерін Түр тақтасы/техникалық
мəліметтер бөлімінде қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Судағы қоспалар жоғары қысымды сорғышқа жəне
керек-жарақтарға зақым келтіруі мүмкін. Қорғаныс
үшін KÄRCHER су сүзгісін (қосымша керек-жарақ,
тапсырыс нөмірі 4.730-059) пайдалану ұсынылады.
Құбырдан су беру жүйесі
Су беру мекемесінің нұсқауларын орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су тежеуіші бар металдан жасалған шланг
муфталары сорғыштың зақымдалуына апаруы
мүмкін! Пластиктен жасалған шланг муфтасын
немесе жезден жасалған KÄRCHER шланг
муфтасын пайдаланыңыз.
 Су ағыны шлангісін су жеткізу жеріндегі муфтаға
орнатыңыз.
 Су ағыны шлангісін су беру жүйесіне жалғаңыз.
 Құбыр кранын толығымен ашыңыз.
Суды ашық сауыттан сорғыту
Бұл жоғары қысымды тазалағыш беттегі суды,
мысалы, жаңбыр не тоғаннан, сорғыту үшін кері
клапаны (қосымша керек-жарақ, тапсырыс нөмірі
2.643-100) бар KÄRCHER сорғыту шлангісімен бірге
пайдаланылады (максималды сорғыту биіктігін
техникалық мəліметтерден қараңыз).
 Су жеткізу жерінен муфтаны шығарыңыз.
 Сорғыту шлангісін сумен толтырыңыз.
 Сорғыту шлангісін бұйымның су жеткізу жеріне
бекітіңіз жəне су көзіне (мысалы, жаңбыр) іліп
қойыңыз.
Бұйымды қолдану алдында желдетіңіз.
 Бұйымды "I/ON" күйіне ауыстырыңыз.
 Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін
құлыптан босатыңыз.
 Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін итеріңіз
де, бұйым қосылады.
 Су көпіршіксіз қол бүріккішіне шығарылмағанша
бұйымды жұмыс істетіңіз (макс. 2 минут).
 Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін
босатыңыз.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан кейін бұйым
өшіріледі. Жүйедегі жоғары қысым сақталады.
 Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін
құлыптаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
2 минуттан артық құрғақ күйдегі жұмыс жоғары
қысымды сорғыштың зақымдалуына апарып
соғады. Бұйымды 2 минут ішінде қысымсыз
қалпына келтіріңіз, бұйымды өшіріңіз жəне
"Ақаулықтар бойынша анықтама" бөліміндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Жоғары қысыммен қолдану
АБАЙЛАҢЫЗ
Лакталған беттерді тазалау кезінде зақымдарға
жол бермеу үшін ағыннан кемінде 30 см
қашықтықта тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Шина, лак не ағаш сияқты сезімтал беттерді
шашырату құбырымен тазаламаңыз, себебі
зақымдалу қаупі бар.
Сурет
 Шашырату құбырын жоғары қысымды
бүріккішке енгізіңіз жəне 90°-қа айналдыру
арқылы бекітіңіз.
 Бұйымды "I/ON" күйіне ауыстырыңыз.
 Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін
құлыптан босатыңыз.
 Иінтіректі тартыңыз да, бұйым қосылады.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан кейін бұйым
өшіріледі. Жүйедегі жоғары қысым сақталады.
Тазалау бұйымдарымен бірге қолдану
Нұсқау: Тазалау бұйымдарын тек орташа
қысыммен араластыруға болады.
ҚАУІП
Тазалау бұйымдар қолдану кезінде тазалау бұйым
шығарушының заттардың қауіпсіздік паспортты,
əсіресе жеке қорғану құралдар туралы
нұсқауларды сақтау қажет.
Тазалағыш зат бойынша нұсқау: Ең көп таралған
KÄRCHER тазалағыш затты бұл бұйым үшін
қолдануға əлдеқашан дайын қақпағы бар Plug 'n'
Clean тазалағыш зат бөтелкесінде сатып алуға
болады. Бұл шамадан тыс толудан не толтырудан
қорғайды.
Сурет
 Plug 'n' Clean тазалағыш зат бөтелкесінің
қақпағын алып тастаңыз жəне бөтелкенің тесігін
төмен қаратып тазалағыш затқа арналған
ұяшыққа салыңыз.
 Қысым реттегіші бар шашырату құбырын (Vario
Power) пайдаланыңыз.
 Ыдыратушы түтікті «ЖҰМСАҚ» бағытына қарай
тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: Осының нəтижесінде пайдалану
кезінде тазалағыш зат қоспасы су ағынына
қосылады.
Сурет
 Тазалағыш зат қоспасының сорғыту мөлшерін
тазалағыш заттың мөлшер реттегішімен
орнатыңыз.
Ұсынылған тазалау тəсілі
 Тазалау бұйымын құрғақ үстіртке үнемді түрде
шашыратып, сіңу үшін (кептіріп кеткізбей ғана)
біраз қалтыруыңыз лазым.
 Ерітілген кірді жоғары қысымды ағынмен шайып
жіберіңіз.
– 7
KK
Қолдану
169

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents