Bosch Professional GDB 350 WE Original Instructions Manual page 175

Hide thumbs Also See for Professional GDB 350 WE:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні
нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау станинасын монтаждау
Тасымалдау тұтқасы
Алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын бұрғылау
станинасының тасымалдау тұтқасын (11) бұрандалардың
(12) көмегімен бұрғылау колонкасына бұрап бекітіңіз.
Бұл ретте тасымалдау тұтқасының қалпағын бұрғылау
колонкасына нық жалғанатындай етіп орнатыңыз.
Айналатын крест
Айналатын кресттің (15) үш қапсырмасын айналатын
кресттің орта төлкесіне тірелгенше бұрап кіргізіңіз.
Айналатын крест (15) бұрғылау кезінде қос иін ретінде
және сонымен қатар бұрғылау станинасындағы
бұрандаларды бұрап босату немесе бекіту үшін қызмет
етеді.
Бұрғылау үшін айналатын крестті қажетінше тегершікке
(26) солға немесе оңға тірелгенше жылжытыңыз.
Айналатын крестті алып тастау үшін қатты тартып
шешіңіз.
Бекіткіш тежегіші бар берілісті бұғаттау тетігі
Бұрғылау станинасындағы барлық жұмыстар үшін,
жұмыс үзілістерінде және пайдаланбаған кезде берілісті
бұғаттаңыз. Ол үшін бекіткіш тежегішті (16) бұрап
қойыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (16) айналатын крест
(15) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте
электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол
бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз.
Тасымалдау тұтқасын электр құралын
монтаждау
Алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын тасымалдау
тұтқасын (9) бұрандалардың (10) көмегімен электр
құралына бұрап бекітіңіз.
Bosch Power Tools
Электр құралын орнату
(A−B суреттерін қараңыз)
Бекіткіш тежегіш (16) тартылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы қысқышының (27) оң жағында ойық бар. Білдек
адаптерін (25) электр құралына орнатқан кезде, дөңес
жер білдек адаптерінде B суретінде көрсетілгендей оң
жағында тұрғанын тексеріңіз.
Білдек адаптерін (25) білдек адаптерінің призмалық
буаттары (24) электр құралының сәйкес ойықтарына
тірелетіндей етіп электр құралына орнатыңыз. Білдек
адаптерінің төрт бұрандасын (23) орнатып, алты қырлы
дөңбек кілтпен (кілт ені 6 мм) бұрап бекітіңіз.
Эксцентрик болтын (14) айналатын крестпен (15)
босатып, оны құрылғы қысқышынан (27) тірелгенше
тартып шығарыңыз. Электр құралын білдек адаптерімен
(25) құрылғы қысқышына білдек адаптерінің астыңғы
дөңес жері құрылғы қысқышының астыңғы болтының ➊
астында орналасатындай іліңіз.
Электр құралын құрылғы қысқышына ➋ орнатып,
эксцентрик болтын (14) қайта енгізіңіз. Эксцентрик
болтын айналатын крестпен (15) тартып қойыңыз.
Айналатын крестті (15) бұрғылау әрекеті үшін оңға
немесе солға қарай тегершікке (26) жылжытыңыз.
Электр құралының құрылғы қысқышында берік
u
бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Электр құралын бұрғылау станинасынан шығару кезінде
әрекетті кері реттілік бойынша орындаңыз.
300–350 мм саңылау диаметріне арналған аралық
тақта (C суретін қараңыз)
300 мм мен ең көбі 350 мм аралығындағы диаметрге ие
саңылаулар үшін қосымша аралық тақтаны (29) (керек-
жарақ) орнату керек.
Ол үшін білдек адаптерін (25) аралық тақтаға (29) білдек
адаптерінің призмалық буаттары (24) аралық тақтаның
тиісті ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз.
Содан кейін аралық тақтаны (29), соның ішінде білдек
адаптерін (25) электр құралына аралық тақтаның
призмалық буаттары (31) электр құралының тиісті
ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз. Аралық тақтаның
төрт бұрандасын (30) орнатып, алты қырлы дөңбек
кілтпен (кілт ені 6 мм) бұрап бекітіңіз.
Содан кейін электр құралын жоғарыда сипатталғандай
бұрғылау станинасына бекітіңіз.
Бұрғылау станинасын бекіту
Нұсқау: бұрғылау станинасын саңылаусыз бекітіңіз.
Осылайша бұрғылау коронкасының қысылуына және
сегменттерінің тозуына жол бермейсіз.
Астыңғы беттің түрі және сипаттарына байланысты
бұрғылау станинасын дюбельмен, вакууммен немесе
жылдам қысқыш колонкасымен жоспарланған саңылауға
бекітіңіз.
Қазақ | 175
1 609 92A 4NK | (20.02.2019)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional gcr 3503 601 a90 200

Table of Contents