Panasonic CF-W7 Series Read Me First page 171

Hide thumbs Also See for CF-W7 Series:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қауіпсіздік шаралар
БҰЛ ӨНІМ ЯДРОЛЫҚ ЖАБДЫҚ/ЖҮЙЕЛЕР, ƏУЕ ЖҮРІСІН
БАСҚАРУ ЖАБДЫҒЫ/ЖҮЙЕЛЕРІ НЕМЕСЕ ҰШАҚ
КАБИНАСЫНЫҢ ЖАБДЫҒЫ/ЖҮЙЕЛЕРІ
ОНЫҢ БӨЛШЕГІ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛМАҒАН.
PANASONIC КОМПАНИЯСЫ ОСЫ ӨНІМДІ ЖОҒАРЫДА
КӨРСЕТІЛГЕН ҚОЛДАНУДАН ТУЫНДАЙТЫН
САЛДАРЫНА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
*1
ҰШАҚ ҚАБИНАСЫНЫҢ ЖАБДЫҒЫНА/ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ұшудың
қиын-қыстау кезеңдерінде (мысалы, ұшып шығу немесе қону)
қолданылатын жəне/немесе ұшаққа бекітілетін 2-ші классты
борт құжаттарының электрондық жүйелері (БҚЭЖ) жəне 1-ші
классты БҚЭЖ жүйелері жатады. 1-ші жəне 2-ші классты
БҚЭЖ жүйелері Азаматтық Авиация Федералды
Басқармасымен анықталады: АС (Ақпараттық нұсқау) 120-
76А немесе JAA: JAA TGL (Уақытша жетекші кітапшалар)
№36.
Panasonic компаниясы COTS (Саудалық сериялы)
өнімдеріміздің спецификацияларынан артық
болатын авиация стандарттарына қатысты кез
келген спецификациялар, технологиялар, сенімділік
жəне қауіпсіздік (мысалы, Жанғыштық/Түтін/
Умағыштық/Радиожиілік сəулелену) талаптарына
кепіл бере алмайды.
Бұл компьютер медициналық жабдықтарда, оның
ішінде, адам өмірін немесе қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге арналған өмір сақтау, əуе жүрісін басқару
жүйелерінде немесе басқа жабдықтарда,
құрылғыларда жəне жүйелерде қолдануға
арналмаған. Panasonic компаниясы осы компьютерді
жоғарыдағыдай көрсетілген жабдықтарда,
құрылғыларда немесе жүйелерде қолданудан
туындайтын зақымдарға немесе шығындарға
ешқандай түрде жауап бермейді.
Егер өнімнің жұмысында ақау байқалса, оның
қорек бауы мен батареялар блогын дереу
ажыратыңыз
• Бұл өнім зақымдалған
• Өнімнің ішінде бөтен заттар бар
• Түтіндейді
• Өзгеше иіс шығады
• Өзгеше ыстық
Осы өнімді жоғарыдағы жағдайлардың кез келгені
болған кезде əрі қарай қолдана берсеңіз, ол өрт
немесе электр соққысының əкелуі мүмкін.
• Егер өнімнің жұмысында ақау байқалса, оны дереу
өшіріп, қорек штепселін розеткадан суырып алып,
батареялар блогын алып тастаңыз. Содан соң,
техникалық жəрдем көрсету мекемесімен
байланысыңыз.
Егер өнім даңғырлай бастаса, оны жəне оның
кабелін ұстамаңыз
Бұл электр соққысына əкеліп соғуы мүмкін.
АС адаптерді үйдегі стандартты АС розеткасынан
өзге қорек көзіне қоспаңыз
Əйтпесе, ол қызып кетіп, өрттің себебі болуы мүмкін.
DC/AC түрлендіргішті (инвертер) қоссаңыз, АС
адаптеріңізге зақым келуі мүмкін. Ұшқышта АС
адаптерді/зарядтауышты тек сондай қолдануға
арнайы бекітілген АС розеткасына қосу керек.
*1
АС бауының, АС штепселінің немесе АС
РЕТІНДЕ НЕ
адаптерінің зақымдану қаупін төндіретін əрекеттер
жасамаңыз
Бауды зақымдамаңыз жəне өзгертпеңіз, ыстық
құралдардың қасына қоймаңыз, майыстырмаңыз,
қатты тартпаңыз, үстіне ауыр зат қоймаңыз жəне қатты
буындамаңыз.
Зақымданған бауды қолдана берсеңіз, ол өрттің, қысқа
мерзімге тұйықталудың немесе электр соққысының
себебі болуы мүмкін.
Егер қолыңыз ылғал болса, АС штепселін
суырмаңыз жəне қоспаңыз
Бұл электр соққысының себебі болуы мүмкін.
АС штепселін шаңнан жəне басқа қоқыстардан
уақытылы тазартып тұрыңыз
Егер штепсельде шаң не басқа қоқыстар жиналса,
онда ылғал изоляцияны бұзып, өрттің себебі болуы
мүмкін.
39-Kk-1
• Штепсельді суырып алып, құрғақ шүберекпен
сүртіңіз.
Егер компьютерді ұзақ мерзім қолданбайтын
болсаңыз, оның штепселін розеткадан суырып
қойыңыз.
АС штепсельді розеткаға аяғына дейін кіргізіңіз
Егер штепсель аяғына дейін кіргізілмесе, ол қызып
кетіп өрттің немесе электр соққысының себебі болуы
мүмкін.
• Зақымданған штепсельді немесе бос АС розетканы
қолданбаңыз.
Бұл өнімнің үстіне сұйық немесе темір заттар
сыйымдылықтарды қоймаңыз
Егер өнімнің үстіне су немесе басқа сұйық нəрсе
төгілсе немесе ішіне қағаз қыстырғыштар немесе
бөтен заттар түсіп кетсе, ол өрттің немесе электр
соққысының себебі болуы мүмкін.
• Егер пернетақтаға су төгілсе, «If You Spill Water on
the Keyboard» деген кітапшаны қараңыз. Егер ішіне
басқа заттар түсіп кетсе, оны дереу өшіріп, АС
штепселін розеткадан суырып, батареялар блогын
алып тастаңыз. Содан соң, техникалық жəрдем
көрсету мекемесімен байланысыңыз.
Бұл өнімді бөлшектемеңіз
Оның ішінде, ұстаған кезіңізде электр соққысына
ұшырататын жоғары кернеу аймақтары бар. Ішіндегі
істікшелер мен монтаждық тақшаларын ұстамаңыз
жəне ішіне бөтен затты түсіріп алмаңыз.
Жəне де, оны модернизациялау немесе бөлшектеу
өрттің себебі болуы мүмкін.
SD жад карталарын сəбилер мен кішкентай
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз
Егер байқаусызда жұтып қойса, денеге зақым келтіруі
мүмкін.
171

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Cf-y7 seriesCf-y7b

Table of Contents