Қызмет Көрсету; Арнайы Қауіпсіздік Ақпараты; Тасымалды Бұрандакескіш Құрылғылардың Қауіпсіздік Техникасы - RIDGID 300-Compact/1233 Operator's Manual

Threading machines
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
• Тұтқаларды және ұстайтын беттерді құрғақ, таза ұстаңыз
және тамған майды сүртіңіз. Тайғақ тұтқалар және
ұстайтын беттер құралды күтпеген жағдайларда қауіпсіз
қолдану мен реттеуге мүмкіндік бермейді.
• Электр жабдығын, керек-жарақтарды және бекітілетін
кескіштерді жұмыс жағдайлары мен орындалатын
жұмыстарды ескере отырып, осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр жабдығын өзге мақсаттарда
пайдалану қауіпті жағдайдың орын алуына әкелуі
мүмкін.
Қызмет көрсету
• Электр жабдығына білікті жөндеуші маманның тек
бірдей ауыстыру бөлшектерімен қызмет көрсетуін
қадағалаңыз. Бұл электр жабдығының қауіпсіздігі
сақталуымен қамтамасыз етеді.
Арнайы қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ
Бұл бөлімде құралға тән маңызды қауіпсіздік ақпараты
қамтылады.
300 Compact/1233 бұрандакесу құрылғысын пайдаланбас
бұрын, электр тогы соғуы қаупін немесе басқа ауыр дене
жарақатын алу қаупін азайту үшін сақтандыруларды
мұқият оқыңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАҢЫЗ!
Бұл нұсқауларды оператор пайдалануы үшін құрылғымен
бірге ұстаңыз.
Тасымалды бұрандакескіш құрылғылардың
қауіпсіздік техникасы
• Еденді май сияқты тайғақ материалдардан таза ұстаңыз.
Тайғақ еден оқыс жағдайлар ықтималдығын арттырады.
• Жұмыс бөлшегінен кемінде бір метр аралықты
қамтамасыз ету үшін жұмыс бөлшегі құрылғыдан тыс
созылған кезде қатынасты шектеңіз немесе аумақты
қоршаңыз. Жұмыс бөлшегі айналасында қатынасты
шектеу немесе жұмыс аумағын қоршау шатысып қалу
қаупін азайтады.
• Қолғап киюге болмайды. Айналатын құбырда немесе
құрылғы бөлшектерінде қолғаптар шатысып, дене
жарақатына әкелуі мүмкін.
• Саңылаулар тесу немесе көтергішті бұру сияқты басқа
мақсаттар үшін пайдалануға болмайды. Басқаша
пайдалану немесе осы құрылғыны басқа құрылғылар
үшін пайдалану ауыр жарақат қаупін тудырады.
• Құрылғыны үстелге немесе тұғырға бекітіңіз. Ұзын
ауыр құбырды құбыр тіреуіштерімен тіреңіз. Бұл әдіс
аударылып кетуіне жол бермейді.
300 Compact/1233 Бұрандакесу құрылғысы
• Құрылғыны пайдаланған кезде оператор тетіктері
орналасқан жағына тұрыңыз. Құрылғыны осы жақтан
пайдалану құрылғыға созылу қажеттілігін жояды.
• Қолдарыңызды айналатын құбырдан және қосымша
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Құбыр бұрандаларын
сүртпес немесе қосымша бөлшектерді бұрамас бұрын
құрылғыны тоқтатыңыз. Құбырды алмас бұрын
құрылғының толық тоқтауын күтіңіз. Бұл тәжірибе
айналатын бөлшектердегі шатысу мүмкіндігін азайтады.
• Осы құрылғыны қосымша бөлшектерді орнату немесе
алып тастау (жасау немесе бұзу) үшін пайдаланбаңыз,
бұл құрылғының мақсатты пайдалануына жатпайды.
Бұл әдіс қысылып, шатысып қалуға және басқаруды игере
алмауға әкелуі мүмкін.
• Қақпақтарды орнында ұстаңыз. Қақпағы ашылған кезде
құрылғыны пайдаланбаңыз. Қозғалыстағы бөліктерге
жақындау құрылғыда шатысып қалу қаупін арттырады.
• Аяққосқыш бұзылған немесе жоқ болса, құрылғыны
пайдалануға болмайды. Аяқ қосқышы құрылғыны
қауіпсіз түрде басқаруды қамтамасыз етеді, мысалы,
шатысып қалған кезде жұмысын аяқтау.
• Құрылғының жұмысы мен аяққосқышты бір ғана
адам басқаруы керек. Құрылғы іске қосулы болғанда
тек оператор ғана жұмыс аумағында болуы керек. Бұл
жарақат қаупін азайтады.
• Құрылғыға алдыңғы жұдырықшадан немесе артқы
ортасы бойынша туралау басынан қолыңызды
созбаңыз. Бұл құрылғыға шатысып қалу қаупін
азайтады.
• Жеке адамға ауыр жарақат келтіру қаупін азайту
үшін бұл нұсқауларды және осы құралды басқарудан
бұрын пайдаланылатын барлық жабдықтар мен
материалдарға арналған нұсқаулар мен ескертулерді
оқып, түсініңіз.
EО сәйкестік декларациясы (890-011-320.10) қажет болған
жағдайда осы нұсқаулықпен бірге беріледі.
Егер осы RIDGID® өніміне қатысты қандай да бір сұрағыңыз
болса:
– Жергілікі RIDGID® дистрибьюторына хабарласыңыз.
– Жергілікті RIDGID байланыс пунктін табу үшін,
www.RIDGID.com сайтына кіріңіз.
– Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне
rtctechservices@emerson.com немесе АҚШ және Канада
аумағында (800) 519-3456 нөміріне қоңырау шалыңыз.
499

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents