Bosch GBH 2-20 D Original Instructions Manual page 102

Hide thumbs Also See for GBH 2-20 D:
Table of Contents

Advertisement

OBJ_BUCH-1110-004.book Page 102 Monday, December 9, 2013 2:22 PM
102 | Қазақша
Басқа да қауіпсіздік және жұмыс
нұсқаулықтары
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Қосымша тұтқаны мықты ұстап электр құралды
жұмыс істегенде екі қолмен қатты ұстап тіректі
күйде тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді
басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Қағусыз ағашты, металды, керамиканы, пластмассаны
және бұрандаларды бұрғалау үшін SDS-plus сыз
аспаптар (мысалы цилиндрлік тұтқалық бұрғылар)
пайдаланылады. Осы аспаптар үшін жылдам қысу
бұрғылау патроны немесе тісті тәждік бұрғылау
патроны қажет.
 Алмалы-салмалы бұрғылау патроны өзі бекітіледі.
Алмалы-салмалы бұрғылау патроны бекітілуін тартып
тексеріңіз.
 SDS-plus электр құралын пайдалану: Құралдың
бекітілуін тартып тексеріңіз.
 Зақымдалған шаңнан сақтайтын бұқтырманы тез
арада алмастырыңыз. Шаңнан сақтайтын
бұқтырмамен жұмыс істеу бұрғылау шаңының аспап
патронына кіруіне жол бермейді. Аспапты
пайдаланудан алдын шаңнан сақтайтын бұқтырманың
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
 Қорғасын бояу, ағаш, минерал және металдың
кейбір түрлерінің шаңы денсаулыққа зиян болып,
аллергиялық реакция, тыныс алу жолдары
ауруларына және рак ауруына алып келуі мүмкін.
Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі
мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап қимылдамаса электр
құралды сөндіріңіз. Алмалы-салмалы аспапты
шығарыңыз.
1 619 92A 06H | (9.12.13)
 Электр құралды қосудан алдын алмалы-салмалы
аспаптың еркін айлануына көз жеткізіңіз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары
реактивті күш пайда болады.
 Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Белгілер
Төмендегі белгілер пайдалану нұсқаулықтарын оқып
түсіну үшін маңызды. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгі
Мағына
GBH 2-20 D: Перфоратор
сұр реңді жай: тұтқа
(айырылған тұтқа беті)
Өнім нөмірі
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз
Барлық жұмыстардан алдын электр
құралдың айырын розеткадан
шығарыңыз
Қорғау қолғабын киіңіз
Құлақ сақтағышын киіңіз.
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз
Қозғалыс бағыты
Реакция бағыты
Келесі жұмыс кезеңі
Қағусыз бұрғылау
Bosch Power Tools

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents