Samsung UE40M5000A User Manual page 115

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 33
Түс немесе жарықтылық сапасы нашар.
• ТД мәзірінен Сурет параметрлерін реттеңіз. (Сурет режимі / Түс / Ашықтық / Айқындық тармағына өтіңіз)
• ТД мәзірінен Қуат үнемдеу параметрін түзетіңіз. (MENU - Жүйе - Үнемдеу шешімі - Қуат үнемдеу
тармағына өтіңіз)
• Суреттің әдепкі параметрлерін көру үшін, оның бастапқы параметрлерін орнатып көріңіз. (MENU - Сурет -
Сур. з.мән-н кел-у тармағына өтіңіз)
Бейнебеттің шетінде нүктелерден тұратын сызық пайда болады.
• Егер суреттің өлшемі Экранға сәй-у қалпында тұрса, 16:9 пішіміне қойыңыз.
• Кабель/Жерсерік ресиверінің ажыратымдылығын өзгертіңіз.
Сурет ақ немесе қара болып көрінеді.
• Аудио-видео сигналын қолдансаңыз, видео сымын (сары) ТД-дың 1-ші құралас элементінің жасыл
ұяшығына жалғаңыз.
Арналарды ауыстырған кезде, сурет қимылсыз қалады не бұзылып немесе баяу жылжиды.
• Егер теледидарға кабель қорапшасы жалғанып тұрса, оны қайта жалғап көріңіз. AC сымын қайта жалғап,
кабель қорапшасы қайта іске қосылғанша күтіңіз. Бұған 20 минуттай уақыт кетуі мүмкін.
• Кабель қорапшасының шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.
Үнділік сапасы
• Әуелі ТД аудио параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін Дыбыс сынағы сынағын өткізіп
көріңіз. (MENU - Қолдау - Өзін-к диагностика - Дыбыс сынағы тармағына өтіңіз)
• Аудио дұрыс болса, дыбыс мәселесі сигнал көзіне не сигналға байланысты болуы мүмкін.
Ешбір дыбыс жоқ немесе дыбыс параметрі ең жоғары деңгейде тұрса да дауыс ақырын шығады.
• Теледидарға қосылған құралдың (Кабель/Жерс. ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с) үнділігін тексеріңіз.
Сурет жақсы көрсетілсе де, дыбыс шықпайды.
• Динамик таңдау параметрін Тлд динамигі қалпына дыбыс мәзірі арқылы қойыңыз.
• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, аудио сымдардың ТД-дың аудио кіріс ұяшықтарына дұрыс
жалғанғанын тексеріңіз.
• Сыртқы құрылғыны қолдансаңыз, құрылғының аудио шығыс параметрін (мысалы, теледидарға HDMI
жалғанып тұрса, кабель қорапшасының аудио параметрін, HDMI параметріне қою қажет болуы мүмкін)
тексеріңіз.
• DVI құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, бөлек аудио сымы қажет етіледі.
• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
Үндеткіштер жағымсыз шуыл шығарып тұр.
• Сымдардың қосылымдарын тексеріңіз. Видео сымының аудио ұяшыққа жалғанып тұрмағанын тексеріңіз.
• Антенна немесе кабель қосылымдарының сигнал қарқынын тексеріңіз. Әлсіз сигнал үнділікті бұзуы
мүмкін.
Қазақ - 19

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

5 seriesUe49m5000a

Table of Contents