Kenwood KAX71.000WH Instructions Manual page 119

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Ұсынылған рецепттер
Төменде Мұздатылған десерт
жасағыш құрылғымен танысуға
көмектесетін бірнеше рецепт
ұсынылған.
Ванильді балмұздақ
500 мл қаймағы алынбаған сүт
125 мл бір рет тартылған кілегей
1 шай қасық ваниль эссенциясы
3 жұмыртқаның сарысы
150 г қант ұнтағы
1
Табада кілегейді, сүтті және
ваниль эссенциясын араластырып,
қайнауға біраз қалғанда оттан
алып тастаңыз. Біраз салқындату
үшін шетке алып қойыңыз.
2
Үлкен тостағанда жұмыртқаның
сарысы мен қантты қоюланып,
бозарыңқығанша шайқаңыз.
3
Үздіксіз араластырып, сүтті/
кілегей қоспасын шайқалған
жұмыртқа мен қантқа құйыңыз.
Қанттың толығымен ерігеніне көз
жеткізіңіз.
4
Қоспаны табаға салып, қоспа
қасықтың артқы жағын жапқанша
өте баяу отта араластырыңыз.
5
Қоспаны жақсылап
салқындатыңыз.
6
Қоспаны Мұздатылған десерт
жасағыш құрылғыға құйып, қатты
болғанға дейін араластырыңыз
(шамамен 30 мин).
Нұсқалар:-
Шоколад — кілегейдің орнына ішінде
қайнап жатқан суы бар ыдыстың
үстіне қойып жібітілген 100 г қара
шоколадты пайдаланыңыз.
Жаңғақ — балмұздақты жемей
тұрып балмұздақ қоспасына 100 г
ұсақталған жаңғақ қосыңыз.
Құлпынай балмұздағы
400 г піскен құлпынай
200 мл екі рет тартылған кілегей
75 г қант ұнтағы
½ лимон шырыны
1
Құлпынайды езіңіз.
2
Қантты, кілегей мен лимон
шырынын пюреге қосып
араластырыңыз.
3
Қоспаны салқындату үшін
тоңазытқышқа салыңыз.
4
Салқындаған қоспаны
Мұздатылған десерт жасағыш
құрылғыға құйып, қатты болғанға
дейін араластырыңыз.
Нұсқалар:-
Құлпынайды кез келген жұмсақ
жеміспен алмастыруға болады.
Қоспаның тәттілігі қолданылатын
жеміске байланысты болады,
сондықтан мұздатпай тұрып оның
тәттілігін тексеріп алыңыз.
Сүтсіз ванильді балмұздақ
400 г кокос сүтінің 1 құтысы
200 мл соя сүті
150 г агав сиробы
2 шай қасық ваниль сығындысы
1
Барлық ингредиенттерді
тостағанға салып, араластырыңыз.
2
Қоспаны тоңазытқышқа салып,
салқындатыңыз.
3
Қоспа салқындағанда,
Мұздатылған десерт жасағыш
құрылғыға құйып, біркелкі күйге
келгенше араластырыңыз.
115

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Kax71Kax71.009wh

Table of Contents