Philips Norelco S95 Series Manual page 148

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ҚАЗАҚША
148
Ішіне орнатылған қайта зарядталатын ұстара батареясының
-
құрамында қоршаған ортаға зиянды заттар бар. Құралды
тастамас және арнайы жинап алатын орынға бермес бұрын,
батареяны шығарыңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын
орынға өткізіңіз. Батареяны шығара алмаған жағдайда, құралды
Philips қызмет көрсету орталығына апаруға болады. Орталық
қызметкерлері батареяны шығарып, қоршаған ортаға қауіпсіз
жолмен жояды.
Қайта зарядталатын ұстара батареяларын шығару
Қайта зарядталатын батареяны тек ұстараны тастайтын кезде алыңыз.
Алмас бұрын батарея зарядының толық таусылғанын тексеріңіз.
Абай болыңыз, батарея қырлары өте өткір болады.
1
Құрылғының төменгі жағындағы алдыңғы және артқы тақта
арасындағы тесікке бұрауышты салыңыз. Артқы тақтаны алыңыз.
2
Алдыңғы тақтаны алыңыз.
3
Ішкі тақтаның жоғарғы жағындағы екі бұранданы бұрап, ішкі
тақтаны алыңыз.
4
Қайта зарядталатын батареяны бұрауышпен алыңыз.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/
support сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік
парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Қыратын құрал бастары (кескіштер мен қорғауыштар) тез
ескіретіндіктен, халықаралық кепілдік шарттарымен қамтылмайды.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған. Төмендегі
ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар
тізімін көру үшін www.philips.com/support торабына кіріңіз немесе
еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents