Makita DG002G Instruction Manual page 33

Cordless earth auger
Hide thumbs Also See for DG002G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

Кездейсоқ қайта іске қосудың
алдын алу функциясы
Күтпеген кезде істеп кетпеуі үшін ауыстырғыш шүріппені
құлыптау функциясы. Ауыстырғыш шүріппені басып тұрып,
негізгі қуат түймешігін бассаңыз, құрал іске қосылмайды.
Құралды қайта іске қосу үшін ауыстырғыш шүріппені
жіберіп, сосын қайта басыңыз.
Электронды функциясы
Құралдың оңай пайдалануға арналған келесі
электрондық функциялары бар.
Электрлік тежегіш
Бұл құрал электрлік тежегішпен жабдықталған. Егер
құрал үнемі ауыстырып-қосқыш шүріппесін босатқан
соң жұмысын тез тоқтатпайтын болса, құралды
Makita қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
Бірқалыпты іске қосу функциясы
Бұл функция іске қосу айналу моментін шектеу арқылы
құралды біртіндеп іске қосу мүмкіндігін береді.
ҚҰРАСТЫРУ
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
құралды өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатқан немесе алған кезде құралды және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз. Құралды
және аккумулятор картриджін мықтап ұстамау, олардың
қолыңыздан сырғанап түсіп, нәтижесінде құралдың
және аккумулятор картриджінің зақымдалуына және
жарақат алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
► Сурет12: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер
суретте көрсетілгендей қызыл индикатор көрініп
тұрса, ол толығымен құлыпталмағанын білдіреді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей етіп,
толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған жағдайда,
ол құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді немесе
айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
күштеп орнатпаңыз. Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Шиыршықты бұрғыны орнату
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
жұмыс істемес бұрын, әрдайым құралдың
өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
шпиндельге орнатқан кезде, бұрғы істігінің бекітілгеніне
көз жеткізіп, оның зақымдалмағанын тексеріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
кезде, шиыршықты бұрғыны құралдан алып тастаңыз.
Шиыршықты бұрғыны шпиндельге орнату
ЕСКЕРТПЕ: Шиыршықты бұрғы және бұрғы
істігінің пішіні мен механизмі шиыршықты бұрғыға
байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Шпиндельдегі тесік пен шиыршықты бұрғыдағы
тесікті бір-біріне туралап келтіріңіз.
Шиыршықты бұрғыны шпиндельге кигізіңіз.
► Сурет13: 1. Шиыршықты бұрғы 2. Шпиндель
Шиыршықты бұрғыны бұрғы істігі және бекіткіш
құлып арқылы бекітіңіз.
► Сурет14: 1. Бұрғы істігі 2. Бекіткіш құлып
ПАЙДАЛАНУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
моментін тудыратын қуатты құрал. Құралдың
мықтап және дұрыс бекітілуі маңызды.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
бұрын саңылауларда немесе қозғалмалы
бөлшектерде бөгде заттардың (құм, кір және
т.б.) қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жұмыс күйі
Тиісті жұмыс орнын ұстап тұру - кері соққыны басқарудың
маңызды және тиімді процедураларының бірі.
Төмендегі әрекеттерді орындау арқылы дұрыс
орналасу орнын ұстап тұрыңыз.
Құралды реакция қабылдағышының жолағы әрдайым
беліңіздің сол жағына тиетін етіп орналастырыңыз.
Тұтқаны және бүйірлік сапты екі қолыңызбен
ұстаңыз. Бас бармағыңыз бен сұқ саусағыңыз
арасына ұстау аймағын ала отырып,
саусақтарыңызбен ұстау аймағын қармап ұстаңыз.
Арқаңызды мүмкіндігінше тік ұстап, қазу кезінде
аяқтарыңызды қажетінше бүгіңіз.
Құралдың айналу моментінің реакция күшінен абай
болыңыз. Әрдайым айналу моментінің реакция
күшіне төтеп бере алатын жұмыс күйін сақтаңыз.
► Сурет15: 1. Тұтқа 2. Бүйірлік сап 3. Реакция
қабылдағышының иінтірегі
ЕСКЕРТУ:
Қате орналастырудан аулақ болыңыз.
Құралдан тым алыс тұрмаңыз. Кері соққы болған
жағдайда тиісті реакция мен бақылау орындалмауы мүмкін.
► Сурет16
33 ҚАЗАҚША
Құралмен кез келген
шиыршықты бұрғыны
Құрылғыны алып жүрген
Бұл жоғары айналу
Жұмысты бастамас

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents