Makita DG002G Instruction Manual page 28

Cordless earth auger
Hide thumbs Also See for DG002G:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

5.
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы және оралуы,
зақымдалған бөлшектер және электрлік
құралдың жұмысына кері әсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы
болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі
электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет
көрсетілмеу себебінен болады.
6.
Кесу құралдары өткір және таза болуы
керек. Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын
дұрыс пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды
және басқаруға оңай.
7.
Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8.
Тұтқалардың және жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза және майлы
болмауын қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар және
қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген
жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және
оған ие болу мүмкін болмайды.
9.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс
қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған
қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге
ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар
мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс
жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан
аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының
қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке
әкеп соғуы мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
4.
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін;
оған тимеуге тырысыңыз. Егер абайсызда
тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер
сұйықтық көзге тиген болса, медициналық
көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан
сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы
мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың барлығын
орындаңыз және аккумулятор блогын немесе
құралды нұсқауларда көрсетілген температура
ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс
зарядтамалмаса немесе көрсетілген ауқымнан
тыс температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
1.
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Зақымдалған аккумулятор блоктарына
2.
қызмет көрсетуге болмайды. Аккумулятор
блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе
өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.
3.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Аккумуляторлық бұрғының
қауіпсіздігі бойынша ескертулер
1.
Құралды берілген тұтқаларынан екі
қолыңызбен ұстаңыз. Құралға ие бола алмай
қалсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
2.
Пайдаланбас бұрын құралды дұрыс
дайындаңыз. Бұл құрал жоғары шығыс айналу
моментін шығарады және жұмыс кезінде оны
дұрыс дайындамау ауыр жарақатқа себеп болатын
құралды басқару мүмкіндігін жоғалтуға әкеледі.
3.
Жұмыс істеп жатқанда, қазуға арналған
керек-жарақ жасырын сымға тиіп
кетуі мүмкін болса, электрлік құралды
оқшауланған арнайы қысқыштармен
ұстаңыз. Қазу құралы кернеулі сымға тиіп
кетсе, электрлік құралдың ашық металл
бөлшектерінде кернеу пайда болады,
нәтижесінде операторды ток соғуы мүмкін.
4.
Бұрғылау ұштығының максималды
жылдамдығынан жоғары жылдамдықта ешқашан
жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықта ұштық өңдеу
бөлшегіне тимей еркін айналатын болса майысуы
мүмкін және ол дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
5.
Бұрғылауды әрдайым төменгі
жылдамдықта және бұрғылау ұштығын
жерге тигізіп тұрып бастаңыз. Жоғары
жылдамдықта ұштық жерге тимей еркін
айналатын болса майысуы мүмкін және ол
дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
6.
Қысымды тек ұштыққа тікелей түсіріңіз
және шамадан тыс қысым қолданбаңыз.
Ұштықтар майысып, сынуға немесе басқарудың
жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін, нәтижесінде
дене жарақатының пайда болуы ықтимал.
7.
Шиыршықты бұрғының сыртқы диаметрі
осы пайдалану нұсқаулығында көрсетілген
бұрғылау сыйымдылығының ауқымында
болуы тиіс. Өлшемі дұрыс емес шиыршықты
бұрғыны басқару мүмкін емес.
28 ҚАЗАҚША

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents