Polaris PCM 1536E Adore Cappuccino Instruction Manual page 28

Table of Contents

Advertisement

Әр жолы кофеқайнатқышты әрбір пайдаланғаннан кейін, оның электрлі қоректендіргіш баусымын
құрылғыға айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл баусымның үзілуіне әкеп
соғуы мүмкін. Қашанда кофеқайнатқыштың электрлі қоректендіргіш баусымын дұрыс сақтау үшін
оны жақсылап тарқатыңыз.
Құрылғының электр желілік баусымын тек техникалық біліктілігі бар мамандары - қызмет көрсету
орталықтарының қажетті техникалық біліктілігі бар
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын атқаруға сәйкес техникалық біліктілігі жоқ
немесе біліктілілігі төмен деңгейдегі маман тарапынан, сондай-ақ, арнайы техникалық білікті
мамандарының санатына жатпайтын тұлға тарапынан жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-
қатерге ұшыратуы мүмкін.
Бұл құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектеуге және жөндеуге тырыспаңыз. Құрылғыны жөндеу және
қарап-тексеру, сондай-ақ, оның қалыпты күйге келтіру жұмыстарын тек бұл техникалық
жұмыстарын атқаруға сәйкес қажетті техникалық біліктілігі бар мамандары ғана жүзеге асыруы
тиіс, яғни аталған жұмыстарын қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері ғана жүзеге
асыруы керек.
Бұл құрылғыны жөндеу үшін тек оның түпнұсқалы қосалқы бөлшектерін ғана пайдалану қажет.
Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электр құрылғыны әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды
қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз.
Осылайша, Сіз қоршаған ортаны сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.
3.
Осы электр эспрессо кофеқайнатқыш құрылғыны пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
жөніндегі арнайы нұсқаулар
Бұл эспрессо кофеқайнатқыштың суға арналған резервуарын тек қана таза, ішуге жарамды, салқын
сумен толтырыңыз. Ешқашан кофеқайнатқыш құрылғының суға арналған резервуарын өзге
сұйықтықтармен толтырмаңыз, және оған кофе дәндерін, сондай-ақ, кофе ұнтағын салмаңыз.
Бұл эспрессо кофеқайнатқышты және оның сүзгісін шай немесе цикориден жасалатын басқа
сусындарын қайнатып, әзірлеу үшін пайдаланбаңыз.
Кофеқайнатқыштағы сүзгісінің бітелуін не ластануын болдырмау үшін ешқашан ұнтақталған
кофеге мысалы, қант және басқа да тағам өнімдерін салып қоспаңыз.
Ұнтақталған кофеден сусын әзірлеу үшін туркада қайнатуға «extra fine» ең ұсақ дәнді қолдануға
рұқсат етілмейді. Бұл кофеқайнатқыштағы сүзгісінің бітелуіне, яғни бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.
Бітелген сүзгішті тазарту немесе ауыстыру жұмыстары кофеқайнатқыш құрылғының кепілді
қызмет көрсетуіне қатысты шарттарына кірмейді.
Егер кофеқайнатқыштағы сүзгіш ластанған болса, оның бітеліп қалған саңылауларын өткір металл
заттармен тазартуға тыйым салынады.
Құрылғының суға арналған резервуарын тек қана қажетті деңгейге дейін салқын ауыз сумен
толтырыңыз (кофеқайнатқыш құрылғының суға арналған резервуарын сумен толтыру барысында,
оны судың максималды мөлшерінен, яғни max белгісі бар меже сызығынан асыра және min белгісі
бар меже сызығынан төмен толтырмаңыз) кофеқайнатқыштың суға арналған резервуарында
судың деңгейі, оның максималды мөлшерінен асып кетпеуі керек, сонымен қатар құрылғының
суға арналған резервуарында судың минималды мөлшері кем дегенде резервуардағы ең төменгі
белгісі бар меже сызығынан төмен болмауы керек, дегенмен кофе әзірлеу барысында әрдайым
құрылғының суға арналған резервуарындағы судың қажетті мөлшерін қадағалаңыз.
Әрқашан кофеқайнатқыштың суға арналған резервуарын, егер ол кофеқайнатқыш құрылғыға
орнатылған болса сумен толтырмаңыз, кофеқайнатқыштың резервуарын сумен толтыру үшін оны
кофеқайнатқыштың корпусынан ажыратып шығарып алыңыз.
Кофеқайнатқышты тек оның суға арналған резервуарында су бар болса ғана пайдаланыңыз, егер
оның ішінде су жоқ болса, ешқашан кофеқайнатқышты іске қоспаңыз.
қызметкерлері
28
ғана ауыстыра алады.

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents