Bosch GSR 18 VE-EC Professional HEAVY DUTY Original Instructions Manual page 151

Hide thumbs Also See for GSR 18 VE-EC Professional HEAVY DUTY:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 13
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (17) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (12) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (17) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (18) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (17) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (17) оңға тірелгенше
басыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
"Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Бұрау
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
"Бұрау" белгісіне орнатыңыз.
Соққымен бұрғылау (GSB 18 VE-EC)
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты
"Соққымен бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Айналу моментін алдын ала таңдау (бұрау жұмыс
режимі үшін жарамды)
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш
сақинаның (7) көмегімен қажетті айналу моментін 25
қадам бойынша алдын ала таңдауға болады. Реттелген
айналу моментіне жеткенде электр құралы тоқтап қалады.
Механикалық берілісті таңдау
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (9) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
I беріліс:
Bosch Power Tools
Төмен айналу жиілігінің диапазоны; үлкен бұрғы
диаметрімен жұмыс істеу немесе бұрап бекіту үшін.
II беріліс:
Жоғары айналу жиілігінің диапазоны; кіші бұрғы
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (18)
басып тұрыңыз.
Жарық диоды (15) қосу/өшіру қосқышы (18) сәл немесе
толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс
аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (18)
жіберіңіз.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (Kickback Control) электр құралын
u
жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша
Kickback Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы
қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы
айналасында кездейсоқ және күтілмеген айналса,
электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралындағы жарық диодының
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, қайта
басыңыз.
Егер Kickback Control функциясы ақаулы болса,
u
бұрғылау машинасы бұдан былай қосылмайды.
Электр құралыңызды тек қана білікті маманға
және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен бірге
жөндетіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (18) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (18) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
Мақсаты бойынша қолдану кезінде, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Жүктеме шамадан артық
болғанда немесе рұқсат етілген аккумулятор
температурасының диапазонынан асырғанда, айналу
жиілігі азаяды. Электр құралы аккумулятор рұқсат етілген
температураға жеткеннен кейін толық айналу жиілігімен
жұмыс істейді.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
электр құралында жарық диодының (16) қызыл түспен
жануы арқылы көрсетіледі. Жарық диоды (16) өшсе, бұл
құрылғының рұқсат етілген аккумулятор температурасы
диапазонына жеткенін білдіреді.
Қазақ | 151
1 609 92A 4JK | (05.12.2019)

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gsb 18 ve-ec professional heavy dutyProfessional gsr 18 ve-ecProfessional gsb 18 ve-ec

Table of Contents