Жұмыс Тәртібі - Polaris PBS 0609L Manual Instruction

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 39
Гироскутердің және оның жеке модульдерінің құрылымына өзгерістер енгізуге тыйым
салынады. Құрылғыны толық немесе жартылай бөлшектеуге қатаң тыйым салынады. Бұл
ережелерді бұзған жағдайда, бұл құрылғының қалыпты жұмысына теріс әсерін тигізіп,
гироскутер құрылғының істен шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Гироскутер құрылғыдағы аяқпен басқарылатын иінтірек басқышына бөгде заттарды, қосымша
жүкті қоюға тыйым салынады.
Гироскутерді тек бір адам пайдалана алады, екі адам болып құрылғыны тебуге болмайды.
Құралды пайдалану барысында мобильді ұялы телефонмен сөйлесуге не ойнауға болмайды.
Назар аударыңыздар!
Егер гироскутерде қандай да бір ақау анықталған жағдайда, оны пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыздар!
Гироскутерде қозғалысты бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың «Қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулар» 5 тарауын мұқият оқып шығыңыз.
Гироскутерді төмен температура ( 0ºС-тан төмен) барысында пайдалануға болмайды, бұл
гироскутердағы аккумуляторының істен шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Сондай-ақ, гироскутерді ылғалды ауа-райы кезінде пайдаланбаңыз, шалшық пен сұйық
балшық бетімен жылжып айдауға болмайды.
Алғашқыда құрылғыны қозғалысқа келтіру үшін, яғни оны жылжытып жүргізуді өз бетіңмен
меңгеру үшін беті тегіс, бөгеті жоқ құрғақ жолды таңдаған жөн, сондай-ақ бұл жолмен адамдар
мен көліктің жүрмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Бірақ бастапқы кезде Сіздің құлап кетуіңізге жол
бермейтін көмекші қажет.
Осылайша уақыт өте келе Сіз гироскутердің үстіне тұрып, тебуді меңгеріп жатып, құрылғыны
адамдар жүретін жолда едәуір жерге дейін жылжып тебе аласыз. Ол үшін бұру, айналып бұрылу,
тоқтау, қажетті бағытта қозғалу және гироскутерден түсу секілді әрекеттерді үйреніп білу қажет.
Бұл құрылғыны автокөлік құралдарының қозғалысына арналған жолдарда пайдалануға
болмайды, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған жаяу өтпе жолында гироскутерді пайдалануға
тыйым салынады.
Әрқашан есте сақтаңыз, гироскутерді пайдалану барысында жол бойында кездескен барлық
адамдарға жол беріп, төмен жылдамдықта жүру қажет. Адамдардың үлкен легі байқалуы
жағдайында, сондай-ақ жаяужолда гироскутермен жүрмеңіз.
1. Гироскутер құрылғыны іске қосу үшін, оның қуат беріп, электрмен қоректендіретін іске
қосу батырмасын (құрылғының сыртқы корпусында орналасқан) бір рет ұзағырақ басып,
яғни (2 секундтан астам уақыт аралығында ұстап тұрып), қосыңыз. Әдепкі қалпы
бойынша алдын ала белгіленген негізгі болып табылатын «Пайдаланушы режимі» іске
қосылады.
Құрылғымен
гироскутерді «Жаттығу режиміне» ауыстырған жөн, бұл жағдайда құрылғыда жылжып
қозғалған кезде оның қозғалысының жылдамдығы төмендейді және қозғалыс барысында,
бұрылыс жасаған кезде бұрылысқа бірқалыпты қозғалыспен кіріп, құрылғыны бірсарынды
бұруға болады. Жаттығу режиміне ауысу үшін гироскутер құрылғыны тігінен қойыңыз
(сізге ыңғайлы болатындай етіп, гироскутер құрылғыны оның доңғалақтың қабырға
бөлігіне тіреп, қойғаны дұрыс), содан кейін оның іске қосу батырмасын басыңыз да, оны 5
секунд уақыт аралығында ұстап тұрыңыз. 3 реттік дыбыстық қысқа сигнал естілгеннен
кейін құрылғы пайдаланушы режимінен жаттығу режиміне ауысады. Гироскутер
құрылғыны сөндіріп, оны қайтадан іске қосқан кезде, гироскутер құрылғы қайтадан
«Пайдаланушы режимі» деген негізгі режимге өтеді.
2. Құрылғымен жылжып жүруге дайындалыңыз. Бір аяғыңызды гироскутер құрылғыдағы
аяқпен басқарылатын иінтірек басқышқа көлденеңінен қойыңыз, осы сәтте жүйенің ақаулы
еместігін, құралдың өзітеңгерілу режимінде тұрғандығын хабарлайтын жасыл түсті
индикаторы жанады. Содан кейін екінші аяғыңызды екінші иінтірек басқышқа
көлденеңінен қойыңыз, бұл сәтте денеңізді тік және тепе-тең ұстаңыз, сондай-ақ бірінші
27
6 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
пайдаланып,
тебуді
меңгеріп,
үйреніп
жатқан
кезінде

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents