Samsung PE43H4500A User Manual page 83

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 23
Ақаулық
Сурет шықпайды, видео көрсетілмейді
Теледидар іске қосылмайды.
Теледидар автоматты түрде
сөніп қалады.
Ешбір сурет/видео жоқ.
Антенна (Антенна/Кабель) қосылымы
Теледидар арналардың
барлығын көрсетпейді.
Сурет бұзылып көрсетіледі:
үлкен текшелер, кішкене
текшелер, нүктелер, пикселдер
Басқа мәселе
Сурет экранда толық
көрсетілмейді.
Плазма теледидарынан
ызылдаған дыбыс шығады.
Бейненің қалып қоюына
(Бейнебеттің жануы) қатысты
мәселелер.
Қашықтан басқару пульті жұмыс
істемейді.
Кабель/спутниктік ресивердің
қашықтан басқару пульті,
теледидарды іске қоспайды
не сөндірмейді, үнділігін
реттемейді.
A "Режим қолданылмайды"
жазуы көрсетіледі.
[PH4500-RU]BN68-05773K-00L04.indb 14
• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Теледидардың
POWER
түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне
байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі "Қашықтан басқару
пульті жұмыс істемейді" тармағын қараңыз.
• Ұйқы таймері параметрінің Сөндіру қалпына Уақыт мәзірі арқылы қойылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер ДК теледидарға жалғанып тұрса, ДК қуат параметрлерін тексеріңіз.
• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
• Теледидарды антенна немесе кабель арқылы қарап отырғанда, теледидар егер сигнал жоқ болса,
10 ~ 15 минуттан кейін сөніп қалады.
• Сым қосылымдарын тексеріңіз (теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып
алыңыз да, қайта жалғаңыз).
• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын ұяшығын,
теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы, сыртқы құрылғының шығыс
ұяшығы HDMI болса, оны теледидардың HDMI кіріс ұяшығына жалғау керек.
• Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі
көзін дұрыс таңдаңыз.
• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.
• Антенна сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметрін
қолданып көріңіз.
- Жүйе - Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметріне барып,
MENU
сақталуға тиіс бар арналардың көрсетілуін күтіңіз.
• Антеннаның дұрыс орында тұрғанын тексеріңіз.
• Бейнежазба мазмұнын "сығымдау", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдерін көрсеткен кезде
суреттің сапасын бұзуы мүмкін.
• Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.
• Жоғары ажыратымдылықтағы арналар, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір
жағына қара жолақ қалдырып отырады.
• Өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің үстіңгі
және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.
• Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық
көрсетілетін етіп реттеңіз.
• Әдетте плазма теледидарынан ақырын ызылдаған дауыс шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бұл суретті
бейнебетке шығару үшін қолданылатын электр зарядтарының әсерінен пайда болады.
• Егер ызыңдаған дауыс қатты шықса, теледидардың жарықтылығы өте жоғары деңгейде тұруы
мүмкін. Жарықтылық мәнін төмендетіп көріңіз.
• Сонымен қатар, плазма теледидарының артқы жағы қабырғаға немесе беті қатты затқа тым тақата
қойылса да, ызыңдаған дауыс шығуы мүмкін. Қосылым сымдарын басқаша төсеп көріңіз.
• Қабырғалық аспа жинақ дұрыс орнатылмаса да, шамадан тыс шуыл шығуы мүмкін.
• Бұл теледидар бейнебеттің жанып кету қаупін азайту үшін, бейнебеттің жанып кету қаупін азайтатын
Pixel Shift технологиясымен жабдықталған. Pixel Shift - суретті сәл жоғары және төмен (Тігінен) және
бір жағынан екінші жағына қарай (Көлденең нүкте) жылжытуға мүмкіндік береді. Суреттің осылайша
шамалы және қалыпты түрде жылжуы бейнебеттің жануын азайтады.
• Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.
• Қашықтан басқару пультін ТД-ға 1,5 ~ 1,8 м қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.
• Кабель/Жерсерік ресиверінің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп
бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/жерсерік ресиверінің пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз.
• Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс
ажыратымдылығын сәйкесінше реттеңіз.
Қазақша - 14
Шешімі және түсіндірмесі
түймешігін басып, теледидар сигналының
SOURCE
2014-01-29
10:30:05

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

4+ seriesPe51h4500aPe43h4500ak

Table of Contents